xx
- "Сарышаған кенті әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі ауыл әкімі және ауыл әкімдігінің қызметін ақпараттық-талдау тұрғысынан, ұйымдастыру-құқықтық және материалдық-техникалық қамтамасыз етілуін жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
2."Сарышаған кенті әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3."Сарышаған кенті әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
4."Сарышаған кенті әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан қатысады.
5."Сарышаған кенті әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамаға сәйкес мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.
6."Сарышаған кенті әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша, заңнамада белгіленген тәртіппен "Сарышаған кенті әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі басшысының шешімдерімен, өкімдерімен және Қазақстан Республикасының заңнамасында қарастырылған басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
- "Сарышаған кенті әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
8.Заңды тұлғаның орналасқан жері: индекс 100314, Қарағанды облысы, Ақтоғай ауданы, Сарышаған кенті, Абай көшесі 18 үй.
- Мемлекеттік органның толық атауы - мемлекеттік тілде: "Сарышаған кенті әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі;
Орыс тілінде: Государственное учреждение "Аппарат акима поселка Сарышаган".
10.Осы Ереже "Сарышаған кенті әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
11."Сарышаған кенті әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру республикалық және жергілікті бюджеттерінен жүзеге асырылады.
- "Сарышаған кенті әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен "Сарышаған кенті әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер, "Ақтоғай ауданының Сарышаған кенті әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.
2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері
2.1."Сарышаған кенті әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің миссиясы (қызметі) бұл - ауыл әкімінің, әкімшілікті сараптама ақпаратпен қолдау, заңнамаға сәйкес ұйымдастыруды қамтамасыз ету.
Тиісті аумақта Қазақстан Республикасының Конституциясын, Заңдарын, Президенттің, Парламенттің, Үкіметтің нормативтік актілерін, облыс және аудан әкімінің өкімдері мен шешімдерінің орындалуын, мемлекеттік басқару қызметін қамтамасыз ету болып табылады.
2.2.Міндеттері:
Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің Қазақсатан Республикасының "Мемлекеттік қызмет туралы" 1999 жылғы 23 шілдедегі № 453 Заңында белгіленген негізгі міндеттерінен туындайтын нақты міндеттерді, біліктілік талаптар негізінде айқындалады және қызметтік нұсқаулықтарда көрсетіледі.
Қызметтік нұсқаулықтарды мемлекеттік органның басшысы бекітеді, ал осы өкілеттіліктерді жауапты хатшыға, мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшелерінің басшыларына беруге құқылы.
2.3. Функциялары:
Аппараттың қызмет іс-әрекеті "Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 35 бабында көрсетілген барлық өкілеттіктерді пайдалану және оны жүзеге асыру болып табылады. Дәлірек:
- Кент әкімі тиісті әкімшілік-аумақтық бөлініс аумағында әкімдіктің лауазымды адамы болып табылады және мемлекеттік органдармен, ұйымдармен және азаматтармен өзара қарым-қатынастарда оның атынан сенімхатсыз өкілдік етеді;
- Облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) әкімдігіне облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) даму жоспарына енгізу үшін тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікте байланыс қызметтерін көрсетуді ұйымдастыру жөнінде ұсыныс енгізеді;
- Азаматтардың өтiнiштерiн, арыздарын, шағымдарын қарайды, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау жөнiнде шаралар қолданады;
- Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi жинауға жәрдемдеседі;
- Әкім аппараты әкімшісі болып табылатын бюджеттік бағдарламаларды әзірлеп, Ақтоғай аудандық мәслихаттың бекітуі үшін, Ақтоғай ауданының әкімдігінің қарауына енгізеді;
- Стратегиялық жоспарды және (немесе) әкім аппараты әкімшісі болып табылатын бюджеттік бағдарламаны әзірлеу кезінде жергілікті қоғамдастық жиналысының (жиынының) талқылауына Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес аудан бюджетінің құрамында көзделген бағыттар бойынша жергілікті маңызы бар мәселелерді қаржыландыру жөніндегі ұсыныстарды шығаруға құқылы;
- Азаматтар мен заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасы Конституциясының, заңдарының, Қазақстан Республикасының Президентi мен Yкіметі актілерінің, орталық және жергiлiктi мемлекеттік органдардың нормативтiк құқықтық актілерiнің нормаларын орындауына жәрдемдеседі;
- Мүгедектерге көмек көрсетуді ұйымдастырады;
- Қоғамдық жұмыстарды, жастар практикасын және әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастырады;
- Дене шынықтыру және спорт жөніндегі уәкiлеттi органмен және мүгедектердiң қоғамдық бiрлестiктерiмен бiрлесiп, мүгедектер арасында сауықтыру және спорттық iс-шаралар өткiзудi ұйымдастырады;
- Мүгедектердiң қоғамдық бiрлестiктерiмен бiрлесiп, мәдени-бұқаралық және ағарту iс-шараларын ұйымдастырады;
- Мүгедектерге қайырымдылық және әлеуметтiк көмек көрсетуді үйлестiредi;
13. Халықтың әлеуметтiк жағынан әлсіз топтарына қайырымдылық көмек көрсетуді үйлестіреді;
- Ауылдық денсаулық сақтау ұйымын кадрлармен қамтамасыз етуге жәрдемдеседі;
15. Өз құзыретi шегiнде жер қатынастарын реттеудi жүзеге асырады;
- Ауылдың, мемлекеттік тұрғын үй қорының сақталуын, сондай-ақ ауылда автомобиль жолдарының салынуын, қайта жаңартылуын, жөнделуін және күтіп ұсталуын қамтамасыз етедi;
- Шаруа немесе фермер қожалықтарын ұйымдастыруға, кәсiпкерлiк қызметтi дамытуға жәрдемдеседi;
- Өз құзыретi шегiнде әскери мiндеттiлiк және әскери қызмет, азаматтық қорғаныс, сондай-ақ жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы заңнамасының орындалуын ұйымдастырады және қамтамасыз етедi;
- Тарихи және мәдени мұраны сақтау жөніндегі жұмысты ұйымдастырады;
20. Табысы аз адамдарды анықтайды, жоғары тұрған органдарға еңбекпен қамтуды қамтамасыз ету, атаулы әлеуметтік көмек көрсету жөнінде ұсыныс енгізеді, жалғызілікті қарттарға және еңбекке жарамсыз азаматтарға үйінде қызмет көрсетуді ұйымдастырады;
- Қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыруды қамтамасыз етеді және өзге де әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетеді;
- Жергiлiктi әлеуметтiк инфрақұрылымның дамуына жәрдемдеседі;
- Қоғамдық көлiк қозғалысын ұйымдастырады;
- Шұғыл медициналық көмек көрсету қажет болған жағдайда ауруларды дәрігерлік көмек көрсететін таяу жердегі денсаулық сақтау ұйымына дейін жеткізіп салуды ұйымдастырады;
- Жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарымен өзара iс-қимыл жасайды;
- Шаруашылықтар бойынша есепке алуды жүзеге асырады;
27.Жергілікті бюджетті бекіту (нақтылау) кезінде аудан мәслихат сессияларының жұмысына қатысады;
- Республикалық маңызы бар қалада, астанада, облыстық маңызы бар қалаларда орналасқан мәдениет мекемелерін қоспағанда, мектепке дейін тәрбие беретін және оқытатын ұйымдардың, мәдениет мекемелерінің қызметін қамтамасыз етеді;
- Өз құзыретi шегiнде ауылды сумен жабдықтауды ұйымдастырады және су пайдалану мәселелерiн реттейдi;
- Ауылды абаттандыру, жарықтандыру, көгалдандыру және санитарлық тазарту жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады;
- Туысы жоқ адамдарды жерлеуді және зираттар мен өзге де жерлеу орындарын тиісті қалпында күтіп-ұстау жөніндегі қоғамдық жұмыстарды ұйымдастырады;
- Кәсіпқой емес медиаторлардың тізілімін жүргізеді;
- "Ветеринария туралы" 2002 жылғы 10 шілдедегі № 339-ІІ Қазақстан Республикасының Заңының 10-1 бабының негізінде Аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкімінің құзыреті келесі іс-шараларды үйлестіреді. Нақтырақ:
33.1. Елді мекен жерлерінде мал жаятын орындарды айқындайды;
33.2.Елді мекендер аумағында санитарлық тазарту жұмыстарын ұйымдастырады;
33.3. Тиісті аумақта жануарлардың жұқпалы аурулары пайда болған жағдайда, бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспектордың ұсынуы бойынша карантинді немесе шектеу іс-шараларын белгілеу туралы шешімдер қабылдау;
33.4.Тиісті аумақта жануарлардың жұқпалы ауруларының ошақтарын жою жөніндегі ветеринариялық іс-шаралар кешені жүргізілгеннен кейін бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспектордың ұсынуы бойынша шектеу іс-шараларын немесе карантинді тоқтату туралы шешімдер қабылдау;
33.5. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен
ветеринариялық пункттерді қызметтік үй-жайлармен қамтамасыз ету;
33.6. Ауылшаруашылығы санағын жүргізу;
- Микрокредит беру бағдарламаларына қатысуы үшін табысы төмен адамдарды анықтау;
- Қазақстан Республикасының 20.06.2003 жылғы № 442 Жер кодексінің 13 және 16 баптарында көзделген жағдайларды қоспағанда, жер учаскелерін жеке меншікке және жер пайдалануға беру;
- Қазақстан Республикасының 20.06.2003 жылғы № 442 Жер кодексінің 69 бабына сәйкес қауымдық сервитуттар белгілеу;
- Жер учаскелерін алып қою, соның ішінде мемлекет мұқтажы үшін алып қою мәселелері жөнінде аудандық (қалалық) әкімдікке ұсыныстар енгізу кіреді;
- Ауылдық жерде оқушыларды мектепке дейін және кейін қарай тегін жеткізіп салуды ұйымдастыру жөнінде аудандық атқарушы органға ұсыныстар енгізу;
- Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымдарына медициналық қызмет көрсетуді ұйымдастырады;
- Мектеп жасына дейінгі және мектеп жасындағы балаларды есепке алуды ұйымдастырады;
- Тірек мектептердің (ресурс орталықтарының) жұмыс істеуін қамтамасыз етеді;
- Мекемелер және ұйымдармен, сондай-ақ жекелеген адамдармен шарттар жасау, заңмен қарастырылған құжаттарға және банк құжаттарына қол қою;
- Ауылдың тұрғындарына қызмет көрсететін шағын кәсіпорындар, кооперативтер ұйымдастыруға ықпал етіп, қолдау көрсетуге байланысты құжаттарды жоғары органдарға ұсынылуын жүзеге асыру;
- Ауыл тұрғындарынан салықтың барлық түрлері, сақтандыру және өзге төлемдердің уақытылы түсіп отыруына ықпал етіп, бақылау жасау;
- Ауылдағы мүгедектердің, асыраушысынан айырылған отбасылардың, көп балалы отбасыларының, жалғызілікті аналар мен қариялардың, жұмыс істемейтін, әлеуметтік қолдауды қажет ететін отбасылардың материалдық және тұрмыстық жағдайларын жақсарту туралы, сондай-ақ кәмелетке толмаған балалардың мектепке тартылмай, қараусыз қалуын болдырмау жөнінде тиісті органдарға ұсыныс жасау жүктеледі, ұйымдастырады;
- Ауыл әкімінің аппараты өз құзыреті шегінде:
- жергілікті қоғамдастық жиынын, ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиынын, жергілікті қоғамдастық жиналысын өткізуді ұйымдастыруды қамтамасыз етеді;
- бөлек жергілікті қоғамдастық жиынының, жергілікті қоғамдастық жиынының және жиналысының шақырылу уақытын, орнын және талқыланатын мәселелер туралы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге де тәсілдермен олар өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей хабардар етеді;
- жергілікті қоғамдастық жиынында немесе жергілікті қоғамдастық жиналысында қабылданған және аудандық маңызы бар кент әкімінің мақұлдаған шешімдердің орындалуын қамтамасыз етеді;
- кенттің бюджетін жоспарлауды және атқаруды қамтамасыз етеді;
- жергілікті қоғамдастықтың жиналысына және аудан мәслихатына ауылдың бюджетінің атқарылуы туралы есепті ұсынады;
- кенттің бюджетін іске асыру туралы шешім қабылдайды;
- жергілікті қоғамдастықты дамыту бағдарламасын әзірлейді және оны жергілікті қоғамдастық жиналысының бекітуіне ұсынады;
- кенттің коммуналдық мүлкіне жататын объектілерді салу, реконструкциялау және жөндеу бойынша тапсырыс беруші болады;
- жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкінің нысаналы және тиімді пайдаланылуын бақылауды жүзеге асырады;
- жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық заңды тұлғаларына қатысты коммуналдық меншік құқығы субъектісінің құқықтарын жүзеге асырады;
- мүлкі кенттің коммуналдық меншігіндегі (жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігіндегі) коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынға алып қойылған мүлікті кейіннен баланстан шығара отырып, өзге тұлғаға бергенге дейін күтіп ұстау және оның сақталуын қамтамасыз ету мерзімін белгілейді;
- жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкінің мәселелері бойынша мемлекеттің мүдделерін білдіреді, кенттің (жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігі) құқығын қорғауды жүзеге асырады;
- жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін сенімгерлік басқару шарты бойынша міндеттемелерді сенімгерлік басқарушының орындауын бақылауды жүзеге асырады;
- мүлкі кенттің коммуналдық меншігіндегі (жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігіндегі) коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың даму жоспарларының орындалуын бақылауды және талдауды жүзеге асырады;
- жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін есепке алуды ұйымдастырады, оның тиімді пайдаланылуын қамтамасыз етеді.
Сонымен қатар, кенттің әкімінің аппараты жергілікті қоғамдастық жиналысымен келісу бойынша:
- өз құзыреті шегінде жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін басқару саласындағы құқықтық актілердің жобаларын әзірлейді;
- егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін басқарады, оны қорғау жөніндегі шараларды жүзеге асырады;
- шешім қабылдайды және жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін жекешелендіруді жүзеге асырады, оның ішінде объектіні жекешелендіруге дайындау процесінде оның сақталуын қамтамасыз етеді, жекешелендіру процесін ұйымдастыру үшін делдалды тартады, жекешелендіру объектісін бағалауды қамтамасыз етеді, жекешелендіру объектісін сатып алу-сату шарттарын дайындау мен жасасуды және сатып алу-сату шарттары талаптарының сақталуын бақылауды жүзеге асырады;
- мүлкі кенттің коммуналдық меншігіндегі (жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігіндегі) коммуналдық мемлекеттік кәсіпорын қызметінің нысанасы мен мақсаттарын, сондай-ақ осындай қызметті жүзеге асыратын коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынның түрін (шаруашылық жүргізу құқығындағы немесе қазыналық кәсіпорын) айқындайды;
- жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық заңды тұлғасына берілген немесе өзінің шаруашылық қызметінің нәтижесінде өзі сатып алған мүлікті алып қоюды немесе қайта бөлуді жүзеге асырады;
- жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық заңды тұлғаларының артық, пайдаланылмайтын не мақсатқа сай пайдаланылмайтын мүлкін алып қоюды жүзеге асырады;
- жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін жеке тұлғаларға және мемлекеттік емес заңды тұлғаларға кейіннен сатып алу құқығынсыз не кейіннен сатып алу құқығымен мүліктік жалдауға (жалға алуға), сенімгерлік басқаруға береді;
- аудан әкімімен келісу бойынша жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық заңды тұлғаларын құру, қайта ұйымдастыру, атауын өзгерту және тарату туралы шешім қабылдайды;
- коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынға өзіне бекітіп берілген мүлікті (ол өндірген өнімді сатуды қоспағанда) иеліктен шығаруға немесе оған өзгеше тәсілмен билік етуге, филиалдар мен өкілдіктер құруға, сондай-ақ дебиторлық берешекті беруге және есептен шығаруға келісім береді;
- жергілікті өзін-өзі басқарудың мемлекеттік заңды тұлғаларының жарғысын (ережесін), оған енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларды бекітеді;
- мүлкі ауылдың коммуналдық меншігіндегі (жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігіндегі) коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындар қызметінің басым бағыттарын және бюджеттен қаржыландырылатын жұмыстарының (көрсетілетін қызметтерінің) міндетті көлемін айқындайды;
- мүлкі ауылдың коммуналдық меншігіндегі (жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігіндегі) мемлекеттік кәсіпорындардың даму жоспарларын және олардың орындалуы жөніндегі есептерді "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайларда қарайды, келіседі және бекітеді;
- жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін пайдалану, оның ішінде оны кепілге, жалға алуға, өтеусіз пайдалануға және сенімгерлік басқаруға беру туралы шешімдер қабылдайды;
- жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық заңды тұлғаларына бекітіп береді;
- жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін иеліктен шығару туралы шешім қабылдайды;
- Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
- Бюджеттен қаржыландырылатын берілген коммуналдық кәсіпорындардың қызметінің бағыттарын және міндетті жұмыстардың (қызметтердің) көлемін белгілеу;
- Берілген коммуналдық мүліктің сақталуын қамтамасыз етеді;
- Берілген аудандық коммуналдық заңды тұлғаларды басқаруды жүзеге асырады;
- Жергілікті атқарушы органның шешімімен бекітілетін, басқаруына берілген аудандық коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынның жылдық қаржылық есептілігін келіседі;
51. Бюджеттің атқарылуы жөніндегі орталық уәкілетті органда әкімдердің жергілікті өзін-өзі басқару функцияларын іске асыруына бағытталатын ақшаны есепке жатқызуға арналған, жергілікті өзін-өзі басқарудың қолма-қол ақшаны арнайы шотының ашылуын қамтамасыз етеді;
- Қазақстан Республикасының Кодексі "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" № 235 -V ҚРЗ-ның 136, 144, 146, 172, 204, 301, 303, 304, 305, 320, 339, 386, 408, 409, 491, 505 баптарын басшылыққа алып, жұмыс жасау.
2.4 Құқықтары мен міндеттері:
Мемлекеттік қызметші:
1) Республиканың азаматтарына Қазақстан Республикасының Конституциясымен және заңдарымен кепілдік берілетін құқықтар мен бостандықтарды пайдалануға;
2) Өз өкілеттігі шегінде мәселелерді қарауға және олар бойынша шешімдер қабылдауға қатысуға, тиісті органдар мен лауазымды адамдардың оларды орындалуын талап етуге;
3) мемлекеттiк органдар мен басқа ұйымдардың лауазымды тұлғаларынан қажеттi ақпаратты, құжаттарды және өзге де материалдарды сұрауға және алуға;
4) мемлекеттік басқару органдарының, мұрағаттардың, ғылыми мекемелердің ақпараттық деректер базаларын пайдалануға;
5) мүлiктiк және мүлiктiк емес құқықтарды алуға және жүзеге асыруға;
6) шарттар, келісімдер жасасуға;
7) Лауазымдық міндеттерді атқару үшін белгіленген тәртіппен меншік нысандарына қарамастан, ұйымдарда болуға;
8) Басшыдан мемлекеттік қызметшінің атқаратын лауазымына сәйкес қызметтік өкілеттік міндеттері мен көлемін дәл белгілеуді талап етуге;
9) Жеке басының қадір-қасиетінің құрметтелуіне, басшылар, өзге де лауазымды адамдар және азаматтар тарапынан өзіне әділ және құрметпен көзқарас жасалуына;
10) Өзі атқаратын лауазымға жұмыс сапасына, тәжірибесіне және заңында белгіленген өзге де негіздерге қарай ынталандыруына және еңбегіне ақы төленуіне;
11) Тиісті бюджет қаражаты есебінен қайта даярлануға (қайта мамандануға) және біліктілігін арттыруға;
12) Өзінің мемлекеттік қызмет өткеруіне қатысты материалдармен кедергісіз танысуға, қажет болған жағдайларда жеке түсініктеме беруге;
13) Біліктілігі мен қабілеті, өзінің қызметтік міндеттерін адал орындауы ескеріле отырып, қызметі бойынша жоғарылауға;
14) Қызметшінің пікірінше негізсіз айып тағылған жағдайда қызметтік тексеріс жүргізілуін талап етуге;
15) Еңбегінің қорғалуына, денсаулығының сақталуына, қауіпсіз және жоғары өнімді жұмыс істеуі үшін қажетті еңбек жағдайына;
16) Әлеуметтік және құқықтық қорғалуына;
17) Мемлекеттік қызметтен өз қалауы бойынша босауға;
18) Зейнетақымен және әлеуметтік қамсыздандырылуға;
19) Жоғары тұрған мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдарға мемлекеттік қызметті жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізуге құқығы бар;
20) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес көзделген өзге де құқықтарға ие болуға құқылы.
2.5. Мемлекеттік қызметшінің негізгі міндеттері:
Мемлекеттік қызметшілер:
- Қазақстан Республикасының Конституциясын және басқа да заңдарын сақтауға;
- Қазақстан Республикасы Президенті бекіткен тәртіппен мемлекеттік қызметшінің антын қабылдауға;
- Азаматтар мен заңды тұлғалар құқықтарының, бостандықтары мен заңды мүдделерінің сақталуын және қорғалуын қамтамасыз етуге, заңдарда белгіленген тәртіппен мерзімде азаматтардың өтініштерін қарауға, олар бойынша қажетті шаралар қолдануға;
- Өзіне берілген құқықтар шегінде және қызмет міндеттеріне сәйкес өкілеттігін жүзеге асыруға;
- Мемлекеттік тәртіп пен еңбек тәртібін сақтауға;
- Өзіне заңда белгіленген шектеулерді қабылдауға;
- Заңдарда белгіленген қызметтік әдеп нормаларын сақтауға;
- Басшының бұйрықтары мен өкімдерін, жоғары тұрған органдар мен лауазымды адамдардың өз өкілеттігі шегінде шығарған шешімдері мен нұсқауларын орындауға;
- Мемлекеттік құпияларды және заңмен қорғалатын өзге де құпияны сақтауға, оның ішінде мемлекеттік қызметті тоқтатқаннан кейін де, заңмен белгіленген белгілі бір уақыт ішінде, ол жөнінде қолхат бере отырып сақтауға;
- Қызметтік міндеттерін атқару кезінде алған, азаматтардың жеке өмірін, ар-намысын және қадір қасиетін қозғайтын мәліметтерді құпия сақтауға және олардан, заңдарда көзделген жағдайларды қоспағанда, мұндай ақпарат беруді талап етпеуге;
- Мемлекеттік меншіктің сақталуын қамтамасыз етуге;
- Өздеріне мәлім болған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жағдайлары туралы өздері жұмыс істейтін мемлекеттік орган басшылығының назарына немесе құқық қорғау органдарына дереу хабарлауға;
- Қызметтік міндеттерін тиімді атқару үшін өзінің кәсіби деңгейі мен біліктілігін арттыруға міндетті.
- Қолданыстағы заңнамаға сәйкес халыққа сапалы мемлекеттік қызметтер көрсету;
- Қазақстан Республикасы Президентiнің, Yкіметінің және өзге де орталық атқарушы органдардың, облыс, аудан әкімінің және әкімдігінің, ауыл әкімінің актілерi мен тапсырмаларын сапалы және уақытылы орындау;
- Қолданыстағы заңнамада көзделген өзге де міндеттерді жүзеге асыру.
- Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру.
3.1. Әкімнің аппаратын әкім басқарады. "Сарышаған кенті әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі – Сарышаған кентінің әкімі тағайындаған оның бас мамандарынан және жетекші мамандарынан тұрады, ол:
- Кент әкімінің аудан әкімімен, аудандық мәслихатпен, қоғамдық ұйымдармен, баспасөзбен, халықпен үнемі байланысып отыруын қамтамасыз етеді;
- Қабылданған нормативтік-құқықтық актілердің орындалуын бақылап отыру жұмысын үйлестіреді;
- Лауазымдық міндетін өз деңгейінде орындамаған, мемлекеттік және еңбек тәртібін бұзған қызметкерлерге Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі, "Мемлекеттік қызмет туралы" Қазақстан Республикасының заңы және өзге де нормативтік-құқықтық актілерге сәйкес жауапкершілікке тарту жөніндегі шараны қолданады;
- Кенттің әкімі сыбайлас жемқорлыққа қарсы және сыбайлас жемқорлықпен күрес заңнамаларын сақтау жұмыстарын ұйымдастырады және оның әрі қарай жүзеге асырылуы үшін дербес жауапкершілікте болады.
- жергілікті қоғамдастықтың жиынында немесе жергілікті қоғамдастықтың жиналысында қабылданған шешімдерді қарайды, олардың орындалуын қамтамасыз етеді;
- кенттің тұрғын үй қорын түгендеуді жүргізеді;
- Әкімде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әкімнің орынбасары болуы мүмкін.
- Әкім Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес әкім орынбасарының міндеттері мен өкілеттіктерін айқындайды.
- Әкім аппараты қызметкерлерінің мемлекеттік қызметшілер этикасының нормаларын сақтауын әкім қамтамасыз етеді.
- Бюджет қаражаттарын үнемдеудің және (немесе) Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы заңнамасында көзделген түсімдердің есебінен еңбек шарты бойынша қызметкерлер қабылдайды;
- Аудан әкімімен және жергілікті қоғамдастық жиналысымен келісу бойыншаауылдағы авариялық тұрғын үйлерін бұзуды ұйымдастырады;
- Кіріс көздерін қалыптастырады;
- Мемлекеттік мекемелердің өздерінің иелігінде қалатын тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуінен түсетін ақша түсімдері мен шығыстарының жиынтық жоспарын Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес жасайды және бекітеді;
- Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің бағдарламалық құжаттары аясында ауыл халқына микрокредит беруге жәрдем көрсетеді.
- Қазақстан Республикасының заңдарымен және өзге де нормативтік құқықтық актілермен жүктелген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
3.2. Аппараттың бас мамандары өз жұмысын осы Ережеге сәйкес атқарады. Олардың құқығы мен міндеттеріне мыналар:
- Кент әкімінің өткізетін шараларына қатысу;
- Кент орталығы аумағында орналасқан мекемелердің басшыларынан Қазақстан Республикасының заңдары мен Президент Жарлықтарының, Үкіметтің қаулылары және шешімдерінің орындалысы, сонымен қатар, азаматтардың хаттарымен өтініштерін қарау жөніндегі керекті ақпараттар мен ұсыныстарды сұрау;
- Аппарат қызметінде туындаған мәселелерді шешуге мекемелер мен кәсіпорындардың, ұйымдардың қызметкерлерін тарту;
- Құжаттардың толық және өз мәнінде орындалуын орындаушылардан талап ету;
- Облыс және аудан әкімдерінің, олардың орынбасарлары берген тапсырмаларының орындалуын жүзеге асыру жатады.
- Аппараттың мамандары өз жұмыстарын тоқсандық жоспарлар бойынша жүргізеді. Олар, "Мемлекеттік қызмет туралы" Қазақстан Республикасының заңына және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік-құқықтық актілеріне сәйкес қызметтік міндеттерін тиісінше атқаруға және тәртіпті сақтауға міндетті.
- Кент әкімі мекемедегі еңбек тәртібінің, қауіпсіздік техникасының сақтауына жауапты болады және мекеменің ішкі тәртібі туралы ережені бекітеді, сондай-ақ:
- жеке және заңды тұлғалармен келісім шартқа отырады;
- мекеме мүлкін өзінің құзіреті шегінде басқарады;
- Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес аппаратқа қызмет көрсетуші жұмыскерлер мен қызметкерлерді жұмысқа қабылдайды және одан босатады.
Сонымен қатар:
Қазақстан Республикасы Заңдарының, Үкіметтің нормативтік-құқықтық актілері талаптарының сақталуына және орындалуына жауапты болады.
Кент әкімі ауыл тұрғындары өкілдерінің жиыны алдында есеп береді, мекеме атынан сенім хатсыз әрекет етеді, мемлекеттік, атқарушы, бақылаушы органдары, аумақтық және ведомстволық бағыныстағы, соттарда, шаруашылық субъектілері, коммерциялық және коммерциялық емес ұйымдары алдында мекеме мүддесін білдіреді.
3.3."Сарышаған кенті әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің жұмыс режимі Қазақстан Республикасының Еңбек кодексімен бекітіледі.
- Мемлекеттік органның мүлкі
4.1."Сарышаған кенті әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.
"Сарышаған кенті әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
4.2 Кент әкімінің аппаратына бекітіліп берілген мүлік кенттің (жергілікті өзін-өзі басқарудың) коммуналдық меншігіне жатады.
4.3. Егер заңнамада өзгеше белгіленбесе, "Сарышаған кенті әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі, жергілікті қоғамдастық жиналысымен келісу бойынша бекітіліп берілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне берілген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті иеліктен шығаруы немесе оған өзгеше тәсілмен билік етуі мүмкін.
- Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
5.1. "Сарышаған кенті әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалатын тәртіппен жүзеге асырыла