Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 19-бабына, 69-бабының 4-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35-бабына сәйкес, Сарышаған кентінің әкімі ШЕШІМ қабылдады:
- «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының филиалы «Жамбыл магистральдық желі бөлімшесіне» Қарағанды облысы, Ақтоғай ауданы, Сарышаған кенті, Сарышаған станциясы мекенжайы бойынша орналасқан «Теміржол вокзалы ғимаратын реконструкциялау (жаңғырту)» нысаны үшін жер учаскелерін алып қоймастан, инженерлік желілерді салу мақсатында алаңы 0,1820 га, 0,2001 га, 0,2020 га, 0,1701 га жер учаскелеріне 5 (бес) жыл мерзімге жария сервитут белгіленсін.
- Осы шешімнің орындалуын басқылау «Сарышаған кенті әкімінің аппараты» ММ бас маманы Р.С.Тажееваға жүктелсін.
- Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.