
Құрметті Қарағанды облысының тұрғындары!
Төтенше жағдайлар департаменті ескертеді!
Су тасқыны кезеңінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету және тұрғын үйлер мен объектілердің аумақтарын су басуға жол бермеу мақсатында белсенді қар еру үрдістері басталғанға дейін тұрақты негізде келесі шараларды ұйымдастыру қажет:
Тұрғын үйге және объектіге іргелес аумақтарды қардан тазартып шығару!
Шығарылған қарды қауіпсіз жерлерде және қашықтықта жинақтау!
Арықтарды, су ағарлар мен су өткізу құрылыстарын тазалау және суды бұру үшін қар траншеяларын жасау!
Іргелес аумақтарды қаптар мен инертті материалдарды төсеу арқылы қорғау!
Су басудың барлық фактілері туралы 112 хабарлау қажет.