
Ағымдағы жылдың 12 ақпанында ауыл шаруашылығы басқармасында облыстық Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті, Қарағанды қаласы әкімдігі, «Сарыарқа» ӘКК» АҚ өкілдерінің қатысуымен қаланың супермаркеттерінің басшыларымен, облыстың жеміс-көкөніс өнімдерін өндірушілерімен және Қызылорда облысының күріш өндірушілерімен кездесу өткізілді.
Сауда нүктелеріне, оның ішінде форвардтық шарттар жасасу арқылы ӘМАТ-ты тікелей жеткізуді ұйымдастыру мәселелері талқыланды.
Супермаркет басшыларына 2025 жылғы егіннің картоп пен көкөністерге (қырыққабат, сәбіз) келісімшарт жасау бойынша жергілікті ауылшаруашылық тауар өндірушілерінің ұсыныстарын қарастыру ұсынылды. Осы тетікті іске асыру нарықтың барлық қатысушылары үшін өзара тиімді. Ауыл шаруашылығы тауарын өндіруші егіс науқанын жүргізу үшін ішінара қаржыландыруды және өндірілген өнімді кепілді өткізуді алады. Сауда субъектісі – делдалдарсыз немесе олардың ең аз санымен алдын ала келісілген белгіленген бағамен жаңа дақылдың сапалы өнімі, ал халық-қолжетімді бағамен картоп пен көкөністер.
Сондай-ақ, азық-түлік өнімдерінің бағасын тұрақтандыру бойынша іс-шаралар аясында Қызылорда облысының "Абай Дәулет" ЖШС күріш өндірушілерінің кездесуге шақырылған коммерциялық ұсынысы тыңдалды.
Күріш өндірушілер өз өнімдерін таныстырды және қатысушыларға өз өнімдерін қажетті көлемде және қолайлы бағамен сауда орындарына жеткізуге дайын екендіктерін хабарлады. Супермаркет өкілдері күріш өсірушілерді ұсынуға қызығушылық танытты, қысқа мерзімде өз қажеттіліктерін ұсынуға және сатып алу алгоритмін, жеткізілім кестесін өндірушімен Қарағанды қаласы әкімдігі, "Сарыарқа"ӘКК өкілдерінің қатысуымен талқылауға уәде берді.