
Бағаны тұрақтандыру үшін Үкімет картопты шет елдерге шығаруды 6 ай мерзімге шектеу туралы шешім қабылдады.
2025 жылғы 16 қаңтардан бастап экспортқа фитосанитариялық сертификаттар беру толығымен тоқтатылды.
Қабылданған шаралар картоп бағасының тұрақтылығын қамтамасыз етуге, бағаның негізсіз өсуіне жол бермеуге және нарыққа қатысушылар тарапынан алыпсатарлық әрекеттерге тыйым салуға бағытталған.
Ауыл шаруашылығы басқармасы, сауда департаменті және ӘКК қызметкерлерімен, шаруашылық құрылымдарындағы картоп қоймаларына картоп қалдықтары бойынша мониторинг жүргізілді (оның ішінде ірі: "Киров атындағы ӨК" ЖШС (1500 тонна), "Шерубай Су" ЖШС, "Шанс" ШҚ, "Баймырза Агро" ЖШС (2400 тонна), "Агрофирма Азамат"ЖШС, "Астро-Агро ЛТД" ЖШС, "Шахтерское" ЖШС (10000 тонна). Қоймаларда тауарлық картоп қалдығы шамамен 53 мың тоннаны құрайды.
Өткен жылы облыстың ауыл шаруашылығы құрылымдарымен 11,2 мың гектар алқаптан 298,4 мың тонна картоп жиналды (жеке қосалқы шаруашылықтарды қосақанда – 409,2 мың тонна).
Ауыл шаруашылығы құрылымдары (53,2 мың тонна), сауда желілері (5,2 мың тонна) және тұрақтандыру қорындағы (форвардтық шарттар мен айналым схемасы бойынша - 3,2 мың тонна) көлемді қосқанда, тауарлық картоптың жалпы көлемі 61,6 мың тоннаны құрайды.
Қордағы картоп көлемі, маусымаралық кезеңде облыс тұрғындарының ішкі қажеттілігін қамтамасыз етуге толығымен жеткілікті.
Қала әкімдігінде картоп бағасының өсуіне жол бермеу бойынша ірі сауда желілерінің басшыларымен кеңес өткізілді.
Сондай-ақ, "Шығыс"базарының басшылығымен жұмыс жүргізілді.
Шығыс базарында бүгінгі күнге 3 автокөлікте жергілікті картоп сатылуда. Сату бағасы сапасына қарай, килограмына 220-228 теңгені құрайды (бұрын 240 тг-дан жоғары бағада сатылған). Павлодарлық картоп, көтерме саудада килограмы 300 теңгеден сатылады.
Форвардтық және қарыз шарттары аясында барлығы 3 172 тонна картоп, 699 тонна сәбіз, 699 тонна қырыққабат және 681 тонна пиязға келісімшарт жасалды. Бұл маусымаралық кезеңде жеміс-көкөніс өнімдеріне деген қажеттілікті толығымен жабады.
Айналым схемасы бойынша кәсіпкерлік субъектілері ("Агрофирма Азамат" ЖШС, "Жанат" ӨК) Қарағанды қаласының сауда нүктелеріне картоп пен көкөністерді кестеге және супермаркеттердің өтінімдеріне сәйкес жеткізуде. Маусымаралық кезеңде айналым схемасы бойынша 1072 тонна картоп, 199 тонна сәбіз, 198 тонна қырыққабат және 181 тонна пияз жеткізуге арналған қарыз шарттары жасалған.
Бөлшек саудада әлеуметтік картоп килограмы – 118 (см Оптима) - 128 теңгеден (см Аян"), сәбіз - 113 - 140 теңге, пияз - 110-130 теңге және қырыққабат - 125-143 теңгеден сатылады.
Нарықтық бағамен сатып алынатын картоп "Норма" СМ-де килограмы 299 теңгеден (сатып алу 261 тг), "Оңтүстік" см-де 304 теңгеден (сатып алу 265 тг) сатылады.
Сондай-ақ, супермаркеттерде жеткізушілерден алынған (оралған, жуылған) картоп 342-374 теңгеден (сатып алу 325-358 теңге) сатылады.
Жергілікті ауыл шаруашылығы құрылымдарымен ("Жабяк" ШҚ, "Жанат" ӨК, "Шерубай СУ" ЖШС) 2025 жылғы сәуірге дейін сауда нүктелеріне килограмын 120 теңгеден, 2100 тонна картоп жеткізуге меморандумдар жасалды.
Алдағы маусымаралық кезеңде жергілікті өндірушілермен ("Агрофирма Азамат" ЖШС, "Шахтерское" ЖШС) 2100 тонна картоп, 500 тонна сәбіз, қырыққабат және пиязға форвардтық шарттар жасалды.
Сондай-ақ, айналым схемасы мен басқа да ӘМАТ меморандумдары бойынша жеткізу жалғасуда. Бөлшек саудада, 1-сұрыпты жұмыртқа ондығы 490 теңгеден, әлеуметтік нан бөлкесі – 135 теңгеден, 1 – сұрыпты ұн килограмы – 147-154 теңгеден, рожки – 250-270 теңгеден, тауық еті-1149 теңгеден сатылады.
Сиыр етінің (2479 теңге/кг) және сүт өнімдерінің (425 теңге/л) бағасы әзірге өзгеріссіз. Бір апта ішінде бағаның өсуі тіркелген жоқ.
Осы бағытта жұмыс жалғасуда. ӘМАТ бағасының мәселелері бақылауда.