
2024 жылғы қазан айының 19-20 күндері Астана қаласы Қарқаралы 1 тас жолы (Ипподром) алаңында Қарағанды облысының тауар өндірушілерінің қатысуымен ауыл шаруашылығы жәрмеңкесін өткізу жоспарланып отыр.
Жәрмеңкеге 7 ауданның қожалықтары мен Қарағанды, Балқаш қалаларынан 90-нан астам ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері мен қайта өңдеумен айналысатын кәсіпорындар қатысады.
Жәрмеңкеде Астана қаласының тұрғындарына келесі өнімдер ұсынылады:
|
· Еттің барлық түрі |
- |
124,7 тонна; |
|
· Картоп және көкөністер |
- |
200 тонна; |
|
· Сүт өнімдері |
- |
11 тонна; |
|
· Тауық жұмыртқасы |
- |
200 мың дана; |
|
· Балық |
- |
6,3 тонна; |
|
· Басқа өнімдер (шұжық, кондитерлік, т.б.) |
- |
12,0 тонна. |
Жәрмеңкедегі өнімдердің бағасы Астана қаласы базарларының бағасынан 15-20% төмен болады. Апарылатын өнімнің жалпы көлемі 354 тоннаны құрайды
Облыстың қайта өңдеу кәсіпорындарының төмендегі өнім түрлері ұсынылады:
- сүт өнімдері - "Natige Milk"ЖШС;
- кондитерлік және нан-тоқаш өнімдері - "Қарағанды-Нан Корпорациясы"ЖШС;
- шұжық өнімдері - "Мецгер "шұжық цехы "ЖШС";
- картоп және көкөністер-"Шахтерское" ЖШС, "Шанс" ШҚ, "Надежда-Н.В." ЖШС, "Шығыс" ШҚ,"Поливное" ШҚ;
- құс еті мен жұмыртқа - "Ақнар ПФ" ЖШС, "Агрофирма "Құрма" ЖШС, "Ushtobe Qus"ЖШС.
Өткізілетін жәрменкеге, Қарағанды облысында өндірілген ауыл шаруашылығы өнімдерін алуға Астана қаласы тұрғындары мен қонақтарын шақырамыз.
Қарағанды облысының әкімдігі