
Ағымдағы жылдың 20 тамызында «Eurasia Group Kazakhstan» ЖШС мен «Eurasia Crop Care» ЖШС Бұқар Жырау ауданына қарасты «Баймырза-Агро 2018» ЖШС алаңында картоп өнімі егіс күні өтті.
Іс-шара шеңберінде әлемнің жетекші брендтері - GRIMME және JOHN DEERE көкөністер мен картоп өсіруге арналған инновациялық және өнімді техниканың көрмесі ұйымдастырылды.
Басты бағыт, көкөніс шаруашылығы саласын цифрландыру жұмысына бөлінді, картоптың жаңа сорттары бар тәжірибелік алқаптар көрсетілді.
«Картопты қорғауға және қоректендіруге арналған заманауи шешімдер», «картопты ұзақ сақтау технологиясы» сияқты өзекті тақырыптарда семинарлар өткізілді.
Сонымен қатар, сыйымдылығы 12 мың тоннаны құрайтын «Баймырза-Агро 2018» ЖШС қазіргі заманғы картоп қоймасынмен танысты.