
Қарағанды облысында 900 мың гектар алқаптан астық жиналады. Жекелеген шаруашылықтар жұмысқа кірісіп кетті жаппай жинау науқаны қыркүйектің басында басталады. Алдағы жұмыс жоспары аппараттық кеңесте айтылды. Тақырыпты тілші тарқатсын.
Ауыл еңбеккерлері үшін жаппай күзгі науқанда басталуға жақын. Биыл дәнді дақылдар жинау алаңы 909,3 мың га құрайды. Оның ішінде бидай – 766,6 мың га. Бүгінде Абай, Бұқар Жырау және Нұра аудандарының жекелеген шаруашылықтары егін жинау жұмыстарына кіріскен.
Бақытжан МҰҚАНОВ Нұра ауданының әкімі
-2024 жылы дәнді-дақылдар 291 мың гектарды құрады. Оның ішінде бидай 258 мың гектар. Арпа 28 мың гектар. Сұлы 4100. Егінге 460 комбайн тартылады. Бәрі 100 пайыз дайындықты құрайды.
Абылай СҰЛТАНҒАЛИ Бұқар жырау ауданының әкімі
-Дәнді-дақылдарды жинау көлемі 134 мың гектарды құрайды. Оның ішінде, бидай 100600 гектар. Бөл өткен жылмен салыстырғанда 2009 гектарға артық. Жалпы егін жинау алаңы 134 мың гектардың 80,5 пайыз егін екпе алаңы жағдайы жақсы.
Бұдан бөлек, ауыл шаруашылығы құрылымдары 34,9 мың га алқапта майлы дақылдарды, 11 266 га – картоп, 979,3 га – көкөніс жинауы тиіс. Алдын ала болжам бойынша орташа өнімділік 9,8 ц/га құрайды. Егістікке 2 мыңнан астам астық жинайтын комбайн шығады. 3500-ден астам техника комбайндар астынан астық жинауға жұмылдырылады. Өңір басшысы көздеген межеге қол жеткізу үшін барлық жауапты сала өкілдеріне нақты тапсырмалар жүктеді.
Ермағанбет БӨЛЕКПАЕВ Қарағанды облысының әкімі
-Ауыл шаруашылығы басқармасына, аудан әкімдері. Ауыл шаруашылығы дақылдарын уақытылы ысырапсыз жинауды қамтамасыз етсін. Егін орағына қатысатын ауыл шаруашылығы техникаларын толық дайындау және арзандатылған дизель отынын уақытылы тасып алуды ұйымдастырсын.
Облыс әкімі 2025 жылы отырғызуға қажетті тұқым мөлшерін қамтамасыз ету мен егістіктерді күзгі азықтандыру үшін минералды тыңайтқыштарды сатып алу бойынша алдын ала жұмысты ұйымдастыру керектігінде міндеттеді. Айта кетелік, өңірдегі шаруаларға 15 мың тонна арзандатылған дизель отыны бөлінді.