
Ағымдағы жылдың 26-30 шілдесі аралығында Осакаров ауданында ("Осакаровка-Нан" ЖШС, "Сарыбел-Нан" ЖШС) және Қарағанды қаласында ("Центрально-Казахстанский элеватор " ЖШС) лицензияланған астық қабылдау кәсіпорындарына 2024 жылғы егін астығын қабылдауға дайындық тұрғысынан тексеру жүргізілді. Астық қабылдау кәсіпорындарының материалдық-техникалық базасы астықты қабылдауға толық дайын.