Шегірткемен күресу

Шегірткемен күресу

"Зиянды организмдерге қарсы күрес жөніндегі іс – шаралар" бюджеттік бағдарламасы шеңберінде облыс бойынша барлығы 29,8 мың гектар алқапты химиялық өңдеу жоспарланған,оның ішінде, Абай ауданында -1,4 мың га, Ақтоғай ауданында 5,1 мың га, Бұқар Жырау ауданында - 7,2 мың га, Қарқаралы ауданында -7,4 мың га, Нұра ауданы 3,28 мың га, Осакаров ауданы 2,4 мың га және Шет ауданы-3,0 га  алқап.

Бүгінгі күнге, мердігер "Сандерс" ЖШС - пен Шет және Ақтоғай аудандарында 4,5 мың гектар жер өңдеуге 2 бірлік жеңіл авиация көлігі жұмылдырылды.

Осы іс-шаралар облыстың басқа өңірлерінде де жалғасатын болады

Қарағанды облысында саяқ шегіртке зиянкестері санының өсуін тежеу жөніндегі жұмыс жыл сайын жүргізіліп, облыстық бюджеттен қорғау іс-шараларын өткізуге қаражат бөлінуде. Өңдеуді шағын авиация компаниялары жүргізеді, ұшқыштар рельефті және ауылдық жерлердің ерекшеліктерін жақсы меңгерген және Қарағанды облысында шегіртке зиянкестерімен күресу үшін барынша тиімді инсектицидті таңдауға мұқият қарайды.