Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелерін жария талқылау

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелерін жария талқылау

«Қарағанды облысының Ауыл шаруашылығы басқармасы» ММ (бұдан әрі – Басқарма) басшысының 2024 жылғы 12 сәуірдегі № 48 «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы» бұйрығына сәйкес ағымдағы жылдың 15 мамырында сағат 16.00-де Лобода көшесі, 20 – ғимарат мекенжайы бойынша Басқарманың қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелерін жария талқылау жүргізілді.

Жария талқылауға қатысу үшін сарапшы, Қарағанды облысы бойынша «Атамекен" ҰКП филиалының өкілі Махмұтов Ернар шақырылды.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ұшыраған қызметкерлер лауазымдарының тізілімі және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы нормативтік-құқықтық актілер, Басқарманың қызметіне қатысты ішкі құжаттар қаралды.

Талдау барысында басқарма қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталды. Анықталған тәуекелдер негізінде осы бұзушылықтарды жою бойынша жоспар әзірленді және жыл соңына дейін сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау бойынша жұмыс жүргізілетін болады.

Жария талқылау барысында басқарма басшылығы жұмыста Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына қайшы келетін қандай да бір бұзушылықтарға жол бермеу туралы бірқатар тапсырмалар берді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі жұмыс басқарма басшылығының тұрақты бақылауында.