
Қарағанды облысы бойынша 15 мамырда жаппай егіс науқаны басталады. Биылғы жылы егіс науқанына 10 мыңға жуық трактор, 254 егіс кешені, 4 мыңнан астам тұқым сепкіш және 2482 топырақ өңдеу агрегаттары жұмылдырады. Көктемгі егіс алқабы 1100 мың гектарға жүргізіледі. Егісті жүргізу үшін 108 мың тонна дәнді дақылдар және 36 мың тонна картоп тұқымы құйылды. Аппараттық кеңесте алдағы жұмыс туралы Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Саят Мусин баяндады.
Саят МУСИН ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы:
"Биыл минералды тыңайтқыштар қолданылатын егіс алқаптар көлемін 320 мың гектарға дейін ұлғайту жоспарлануда. Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерімен егіс науқаны оңтайлы агротехникалық мерзімде жүргізіледі. Біз егіс науқанын 15 мамырдан бастап, 25 мамырда аяқтауды жоспарлап отырмыз. Көктемгі дала жұмыстарының барысы тұрақты бақылауда.»
Қарағанды облысы бойынша шапруашылықтарға 17,3 мың тонна арзандатылған дизель отыны бөлінді.