
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» 2015 жылғы 18 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 5-тармағына, «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығына сәйкес, 2024 жылдың 15 мамырында «Қарағанды облысының Ауыл шаруашылығы басқармасы» ММ қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің нәтижелерін талқылау жоспарланған.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдаудың негізгі бағыты мемлекеттік органның қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау және жою болып табылады.
Мемлекеттік мекеменің қызметінде сұрақтар мен ұсыныстар туындаған жағдайда 8(7212) 56 58 40 телефоны немесе org_ush@mail.kz электрондық мекенжай бойынша хабарласуды ұсынамыз.
Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатын іске асыру мақсатында, жұртшылықты белсенділік танытып, агроөнеркәсіптік кешен саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтауға қатысуға шақырамыз.