Қарқаралы ауданында "Ауыл аманаты" жобасын іске асыру

Қарқаралы ауданында "Ауыл аманаты" жобасын іске асыру

Қарағанды облысы ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Саят Мусин Мемлекет басшысының Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауларын іске асыру барысында Қарқаралы ауданының ауылдық округ әкімдерімен және ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерімен кездесті. Кездесуде 2024 жылы ауыл тұрғындарының табысын арттыруға бағытталған "Ауыл аманаты" жобасын іске асыру мәселелері талқыланды.  Осы жоба аясындағы кездесу барысында аудан әкімдігінің өкілдері 2023 жылы атқарылған жұмыстар туралы есеп беріп, 2024 жылға арналған жоспарлар туралы баяндама жасыды.

Талқылау барысында ауылдық округ әкімдері мен мамандары жобаны іске асыру бойынша өзекті сұрақтарға жауап алды. 

Өткен жылы аталған жоба аясында ауданда 132 адам, оның ішінде 123 жеке кәсіпкер және 9 ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативі жеңілдікпен несие алды.

Соңында аудан әкімі Әділжан Арғынұлы ауданда жобаны іске асыру бойынша ауылдық округ әкімдерінің алдына нақты міндеттер қойды.