«Ашық есік күні» акциясы

«Ашық есік күні» акциясы

2023 жылдың 22 желтоқсанында Қарағанды облысының ауыл шаруашылығы басқармасында «Ашық есік күні» акциясы өтеді. Ашық есік күніне Басқарманың қызметін, ауыл шаруашылығы саласында атқарылатын жұмыс барыстары туралы танысуға ниет білдірген мектеп оқушылары, жоғары білім оқу орындарында оқып жүрген студенттер, түлектер және  ғылыми-өндірістік бірлестіктер, бұқаралық ақпарат құралдары шақырылады. Басқарманың бөлім мамандары Сіздерге ауыл шаруашылығы саласында атқарылатын қызметі және міндеті бойынша  сұрақтарыңызға жауап беруге дайын.

Мекен жайымыз: Қарағанды қаласы, Лободы көшесі - 20, ғимараттың 2- ші қабаты. Жұмыс уақыты сағат 9:00-ден 18:30-ға дейін.