"Ауыл Аманаты" ауыл халқының табысын арттыру жөніндегі жоба

"Ауыл Аманаты" ауыл халқының табысын арттыру жөніндегі жоба

Мемлекет басшысының 2021 жылғы 10 шілдедегі тапсырмасы бойынша Үкіметтің кеңейтілген отырысында "Ауыл Аманаты" ауыл халқының табысын арттыру жөніндегі жобаны масштабтау тапсырылды. Ағымдағы жылы аталған жобаны іске асыруға Республикаға 100,0 млрд.теңге бөлінді, оның ішінде Қарағанды облысына 3,4 млрд. теңге бөлінді.

Бағдарламаның мақсаты - ауыл халқының өмір сүру деңгейі мен экономикасын көтеру, сондай-ақ ауыл халқының табысын арттыру.

Микрокредит алудың негізгі шарттары:

1) микрокредит мерзімі – 5 жылға дейін, мал шаруашылығы саласындағы жобалар үшін-7 жылға дейін;

2) ауылдық елді мекендерде және шағын қалаларда микрокредиттің ең жоғары сомасы – 2,5 АЕК-ке дейін (екі жарым мың айлық есептік көрсеткіш, (8 625 000 теңге) құрайды;

Зәкірлік кооперацияны дамыту үшін-8,0 АЕК дейін (сегіз мың айлық есептік көрсеткіш (27 600 000 теңге);

3) номиналды сыйақы мөлшерлемесі-жылдық 2,5% - дан аспайды;

4) кепілмен қамтамасыздандыру;

5) сыйақы мен негізгі борыш өтеу бойынша жеңілдік кезеңі микрокредиттеу мерзімі ұзақтығының 1/3 (үштен бір) аспайтын мерзімін құрайды;

6) Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес салық органдарында тіркеудің болуы.

Бүгінгі таңда 3 432,5 млн.теңгеге 456 несие берілді.