
Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров Қарағанды облысының фермерлерімен кездесті. Ауыл шаруашылығы министрлігінің басшысы шаруашылық құрылымдарының өзекті сұрақтарына жауап беру барысында, қолдау шаралары туралы айтып, өңірдегі бірнеше агроқұрылымдарды аралады. Қарағанды облысында биылғы жылы егіс алқабы 1,2 млн га, оның ішінде дәнді және бұршақты дақылдар алқабы 1 млн га құрады. Жедел деректер бойынша 16 қазанда шаруашылықтар 721,7 мың гектар алқаптан, немесе жалпы астық алаңының 73% -ын жинады. Орташа түсімі гектарына 6,5 центнерден, 466,5 мың тонна астық бастырылды. Айдарбек Сапаров фермерлермен кездесу барысында, ауа-райының қолайсыздығынан астық сапасының төмен болуынан туындаған залалды азайту бағытында Үкімет тарапынан қажетті шаралар қабылдағанын атап өтті. Астықты кептіру үшін, арзандатылған баға бойынша 62,5 мың тонна көлемінде дизель отыны бөлінді. "Бәйтерек" холдингінің қаржы институттарымен ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге қатысты айыппұлсыз несие қарызын кейінге шегеру жүргізілуде.
Айдарбек САПАРОВ ауыл шаруашылығы министрі:
"Азық-түлік келісім корпорациясының желісі бойынша форвардтық сатып алу және тауарлық несие бағдарламаларына қатысатын фермерлер үшін сатып алу бағасы белгіленді. 3 – сыныпты бидайдың бағасы 120 мың теңгені, 4-сыныпты -105 мың теңгені құрайды. Міндеттемелерді ақшамен қайтарушыларға айыппұлсыз, немесе сапасы нашар астықты 4-сыныпқа ауыстырғаны үшін 5% мөлшерінде өтемақы төлеу арқылы орындау мүмкіндігі берілетін болады. Форвардтық сатып алу және тауарлық кредит бойынша міндеттемелерді орындау бойынша 1 жыл мерзімге кейінге шегеріс берілді. 2023 жылғы комиссия сақталады. Бір жылға аударымды шегергені үшін фермер тек 3% төлеуге міндетті болады".»
Ауыл шаруашылығы министрлігінің басшысы Қарағанды облысының инвестициялық жобаларды іске қосуға дайындалып жатқан екі ауданында болды. Нұра ауданында Айдарбек Сапаров суармалы жерлерді айналымға енгізу, жаңа тауарлы сүт фермасын салу жобасының іске асырылуымен танысты. Осакаров ауданында министр өз өнімдерін шетелге экспорттайтын астық қабылдау кәсіпорны мен құрғақ бие сүтін шығаратын зауытқа барды. Жалпы, биыл Қарағанды облысында Агроөнеркәсіптік кешенінде құны 11,6 млрд теңгені құрайтын 26 инвестициялық жобаны жүзеге асыру жоспарлануда.