
2023 жылдың 6 маусымында Қарағанды облысы Ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Сырым Бошпановтың Нұра ауданына жұмыс сапары аясында Отқанжар ауылында өңірдің ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерімен кездесуі өтті.
Кездесуде, көрсетілетін мемлекеттік қолдау шаралары бойынша мәселелер талқыланды.
Басқарма басшысының орынбасары қатысушыларды жалпы агроөнеркәсіптік кешен салаларында, оның ішінде өсімдік шаруашылығы саласында ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді мемлекеттік қолдаудың қабылданып жатқан шаралары туралы хабардар етті.
"Отқанжар" ЖШС директоры Аслан Отарбаев ауа-райының қолайсыздығына байланысты жемшөптің аз болуы күтілетіні, сондай-ақ биыл минералды тыңайтқыштардың қалай субсидияланатыны туралы айтты.
Нұра ауданы әкімінің орынбасары Уәлихан Оспанов әрбір елді мекен жергілікті қоғамдастықпен бірлесіп шөп шабуға арналған учаскелерді көздеп, ауыл тұрғындары үшін жемшөпті қолжетімді бағамен сатуды ұйымдастыру қажеттігін атап өтті.