
27 сәуірде Теміртау қаласы әкімі аппаратының ғимаратында семинар-кеңес өтті. Қарағанды облысының ауыл шаруашылығы басқармасы, кәсіпкерлік басқармасы және «Даму» қоры АҚ өкілдері кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба, «Ауыл Аманаты» ауыл халқының табысын арттыру жөніндегі ұлттық жоба және «Кәсіпкер» өңірлік бағдарламасы шеңберінде бизнесті қолдаудың қолданыстағы шараларын түсіндірді.
Іс-шараға Теміртау бизнес өкілдері қатысты.
Сонымен қатар, Саран қаласының кәсіпкерлерімен де кездесті.
Ал бүгін осындай кездесуді Абай ауданының бизнес өкілдері жоспарлап отыр.