Тұқым шаруашылығын дамыту

Тұқым шаруашылығын дамыту

2023 жылы Қарағанды облысы бойынша тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялауға 547 млн 118 мың теңге қарастырылған.

"Өсімдік шаруашылығы өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруды субсидиялау қағидалары" 44-тармаққа сәйкес

(Қажетті көлемде бюджет қаражаты болған жағдайда, элиталық тұқымдарға субсидиялар дақылдың егіс алқабының 30 (отыз) пайызына дейінгі алаңға төленеді)

Бөлінген бюджет қаражатының көлеміне байланысты, элиталық тұқымдар мен бірінші репродукциялы тұқымдарды субсидиялау ақаптарын есептеу үшін:

- 2023 жылдың барлық алдын ала болжамдық егістік құрылымы үшін тұқым жаңарту қажеттілігі;

- АШТӨ-нің негізгі дақылдардың тұқымын сатып алуына талдау жүргізілді;

- элиталық тұқым сатып алудың экономикалық мүмкіндігі мен мақсаттары,

- 2020, 2021 және 2022 жылдары тұқым сатып алуды талдау.

Жоғарыда айтылғандарды ескере отырп, сондай-ақ Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 ақпандағы №385 "Тұқым шаруашылығы туралы" Заңының 6-1-бабының 12-тармағы негізінде, Қарағанды обысы бойынша субсидиялар келесі пайыздық көрсеткіштер бойынша төленетін болады:

- дәнді және бұршақты дақылдардың элиталық тұқымдарына 15% - ға дейін, бірінші репродукциялы тұқымдарға дақылдың егіс алқабының 20% - на дейін.

- картоптың элиталық тұқымдар мен бірінші репродукциялы тұқымдарына дақылдың егіс алқабының 20% - на дейінгі алаңға.

- жемшөп және басқа да дақылдар бойынша элиталық тұқымдарды субсидиялау алаңы 15% - ға дейін және бірінші репродукциялы тұқымдарды субсидиялау алаңы дақылдың егіс алаңынан 20% - ға дейін.