
Қарағанды облысының Ауыл шаруашылығы басқармасында 2023 жылғы көктемгі егіс жұмыстарын жүргізуге облыстың ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне арзандатылған дизель отынын жеткізу бойынша операторды таңдау конкурсына қатысуға өтінімдер қабылдау басталды.
2023 жылғы көктемгі дала жұмыстарын жүргізу үшін Павлодар мұнай өңдеу зауытынан (мердігер «ҚазМұнайГаз) облысқа 20,1 мың тонна арзандатылған дизель отыны бөлінді.
Операторлық қызметтерсіз арзандатылған дизель отынының 1 тоннасының құны 222 000 теңгені немесе 186 теңге/литрді құрайды.
Өтінімдер 2023 жылдың 8 ақпаны күніне дейін, қоса алғанда қабылданады. Өтінімдер мына мекенжай бойынша қабылданады: Қарағанды облысы, Қарағанды қаласы, Лободы көшесі 20, 2 қабат 211 кабинет. Сондай-ақ, құжаттаманы электронды түрде USB флэш-дискісінде (флэш-диск) ұсыну қажет. Электорнды мекен-жайы: n.zhunis@karaganda-region.gov.kz
Қарағанды облысының арзандатылған дизель отынын жеткізу жөніндегі операторларды айқындауға арналған критерийлер
Операторларды іріктеу мұнай өнімдерін өндіру және айналымы саласындағы заңнамада белгіленген тәртіппен мұнай өнімдерін көтерме жеткізушілердің тізіліміне енгізілген кәсіпкерлік субъектілері қатарынан, сондай-ақ мұнай базасына меншік құқығына және (немесе) бір жылдан кем емес мерзімге жалға алу құқығына ие тұлғалар қатарынан жүзеге асырылады.
Өтініш беруші келесі құжаттарды ұсынады:
Егер мұнай базасы меншік құқығымен өтініш берушіге тиесілі болмаса, онда мұнай базасының меншік иесі мен жалға алушы арасындағы жалдау шартының көшірмесі;
- мұнай базасының жай-күйі және техникалық жарақтандырылуы туралы ақпарат;
- мұнай базаларының орналасу схемасы;
- бітіру кестесінің көшірмесі;
- резервуар төлқұжатының көшірмесі;
- резервуар паркінің технологиялық схемасының көшірмесі;
- арнайы автокөлік үшін салмақтың болуы.
Әлеуетті Оператор күн сайын сағат 17:00-ге дейін байланысатын тұлғаның деректемелерін көрсете отырып, әрбір АШТӨ бөлінісінде дизель отынын іріктеу туралы Қарағанды облысының Ауыл шаруашылығы басқармасына ақпарат беруге міндетті;
Құжаттар топтамасы толық ұсынылмаған немесе құжаттар талаптарға сәйкес келмеген жағдайда жұмыс органы өтінімді қабылдамайды.
Әлеуетті операторлардың қосымша ақпараты
|
1 |
Өтініш Берушінің Атауы |
|
|
2 |
Мемлекеттік тіркеудің (қайта тіркеу)мекенжайы |
|
|
3 |
1 тоннаға операторлық қызмет |
|
|
4 |
Мұнай базасының тиесілігі |
а) меншік; б) жалға алу |
|
5 |
Мұнай базасының мекен-жайы |
|
|
6 |
Мұнай базасының резервуарларында ЖЖМ бір мезгілде сақталуы |
мың тоннада көрсетіледі |
|
7 |
Арнайы автокөлік үшін таразы болуы
|
а) бар; б) жалға алынған; в) жоқ |
|
8 |
Біржолғы қызмет көрсетуге (жүктеуге, толтыруға) арналған қолданыстағы посттардың саны АСТ |
|
|
9 |
Автобензовоздар саны |
|
|
10 |
Қарағанды облысында мұнай өнімдерін мұнай базасында (қабылдау, сақтау, босату (өткізу) қызметтерді жеткізуші ретіндегі жұмыс тәжірибесі |
|