
29-30 қазан күндері Алматы қаласында Қарағанды облысының Ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің жәрмеңкесі өткізілді, оған өңірдің 7 ауданынан және 4 қаласынан (Қарағанды, Саран, Теміртау және Шахтинск) фермерлер қатысты.
Ассортимент 40-тан астам атаудан тұрды (ет сүт, жеміс-көкөніс, шұжық өнімдері, Ұн, жарма, өсімдік және жануар майлары және т.б.).
Жәрмеңкеде барлығы 150 млн. теңгеден астам сомаға 222 тонна ауыл шаруашылығы өнімі сатылды.
ет өнімдері - 50 тонна,
жеміс-көкөніс өнімдері - 155 тонна,
сүт өнімдері-4 тонна,
балық өнімдері-3 тонна,
басқа өнімдер - 10 тонна.
Оңтүстік елорда тұрғындары Қарағанды тауар өндірушілер өнімін орташа нарықтан 15-20% төмен бағамен сатып алды.