
Жас кәсіпкер Қалжанов Елдос Ғазымұлы «Ақсуат» шаруа қожалығын 2016 жылдан бастап басқарып келеді. Шаруашылық негізінен жылқы малын өсірумен айналысады. Шаруашылықтағы жылқылардың жалпы саны 700 басты құрайды, оның 550 басы аналық.
Жылқылардың өнім сапасын арттыру мақсатында асыл тұқымды селекциялық жұмыстармен айналысып келеді. Осы мақсатта Шет ауданына қарасты «Шолақ еспе» шаруа қожалығынан 11 бас «Мұғалжар» асыл тұқымды, «Қожамберлі» типті айғыр сатып алып жылқы үйіріне қосып отыр. Әр 100 аналық биеге шаққанда жылына орта есеппен 90 құлыннан алып отыр. Сонымен қатар, жылқы малын семірту мақсатында мал бордақылау алаңын ашып, пайдалануда.
Үстіміздегі жылы 60 тонна ет, 80 тонна қымыз өндіріп, өткізген. Жылына орта есеппен 300-350 тонна шөп дайындайды. Шаруашылық 5 адамды жұмыспен қамтып отыр. Орташа айлық жалақылары 150 мың теңгені құрайды.
Техникаларын жаңарту мақсатында өз қаражаты есебінен әмбебап тиегіш техникасын және шөп шабу науқаны жұмыстарына қажетті МТЗ-82,1 техникаларын басқа да шаруашылыққа қажетті техникалар түрлерін сатып алған.
Аудан көлемінде өтетін іс шараларға белсене ат салысады. Аз қамтылған отбастарына, қарамағындағы жұмыскерлеріне тегін шөппен және малдай әрдайым көмек көрсетіп, халықтың алғысына бөленіп келеді.
Осылай шаруашылығының құрылғанына аз жыл болса да кәсібін дөңгелетіп отырған жас кәсіпкер биылғы жылы «Тәуелсіздіктің – төл құрдасы» номинациясына ие болды.