Үздік мал өсіруші

Үздік мал өсіруші

    «Үздік мал өсіруші» номинациясының жеңімпазы Жаңаарқа ауданының «Мақсат» ШҚ басшысы Қайрат Көпбаев атанды.

      Мақсат шаруа қожалығы Жаңаарқа ауданындағы ең ірі шаруашылықтардың бірі. Негізгі бағыты-мал шаруашылығы. Қайрат Советұлы көпшілікке өркендеген компанияның басшысы ретінде ғана емес, ірі меценат ретінде де танымал. Ол қайырымдылық акцияларына қатысады, облыс ұйымдарына қаржылық қолдау көрсетеді, Мәдени іс-шаралардың, ұлттық спорт түрлері бойынша жарыстардың өткізілуіне демеушілік етеді, өнер адамдары мен дарынды балаларға қолдау көрсетеді. ҚР Президентінің "Туған жерге тағзым" бағдарламалық мақаласында баяндалған тапсырмасын орындай отырып, кәсіпорын ауылдың дамуына және жерлестерінің өмірін жақсартуға айтарлықтай үлес қосуда.