Үздік жылқышы

Үздік жылқышы

      «Үздік жылқышы» номинациясы бойынша Шет ауданының «Шолақ еспе» шаруа қожалығының басшысы Мұрат Қожамбердин марапатталды. Атап өту керек, бұл жылқының «Мұғалжар» тұқымын өсіретін еліміздегі жалғыз шаруашылық.

Қарағанды облысы, Шет ауданы, К.Мыңбаев атындағы ауылдық округінде орналасқан «Шолақ еспе» шару қожалығы жылқының «Мұғалжар» тұқымын өсіретін асыл тұқымды зауыт. Қожалықытың жетекшісі Қожамбердин Мурат Хасенұлы. Қожалық 2003 жылда құрылған. Барлық жер көлемі-22,8 мың. га, оның ішінде шабындығы-0,4 мың.га, жайылымдығы-22,4 мың.га. Жұмыс істейтіндердің саны-23 адам. 2021 жылғы өндірілген өнімдер көлемі: -ет- 200 тонна, шөп-800 тонна, сүт-12,5 тонна. Ірі қара мал басының саны-400 бас, қой-ешкі-2200 бас, жылқы саны барлығы-1900 бас, асыл тұқымды жылқы саны -900 бас, аналығы-1000 бас. Материалдық-техникалық базасында К-700 тракторы-1 дана, МТЗ-80-9 , камаз-3, автомашина-8, краз-1 бар. Мал қораларының саны:ірі-қара-4, қой-ешкі-3, жылқы-3.

«Шолақ-еспе» шаруа қожалығы тұрақты түрде ғылыми негізде Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы министірлігінің Ғылыми өндірістік орталығының жылқы және түйе шаруашылығының меңгерушісі академик И.Н. Нечаевпен  жұмыс жүргізіп келді

2009 жылы асыл тұқымды жылқы басын электрондық негізде есепке алу үшін 150 бас аналыққа «чип» әдісі қолданылды.

         Қожамбердин Мұрат Қызылтау ауылының тұрғындарын жұмыспен қамтып және аз қамтылаған отбасыларына (ақшалай, еттей, көмір түсіру т.б.) жәнеде баларын оқыту үшін жол ақысын төліп көмектеседі.

         Қыс мезгілдерінде ауыл баратын жолды өз техникасымен ашып отырады.          Шаруашылық басшысы ауылдық округтің әлеуметтік мәселелерін шешуге белсенді қатысады.