Ауылшаруашылық жәрмеңкесі туралы баспасөз шығарылымы

Ауылшаруашылық жәрмеңкесі туралы баспасөз шығарылымы

2021 жылдың 16,23 қазанында және 6 қарашасында Қарағанды қаласында «Global City» көтерме-тарату орталығының аумағында (134 есептік орам) ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері өткізілді.

Сонымен қатар, 30 қазан күні ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері серіктес қалалар мен барлық аудан орталықтарында өткізілді.

Жәрмеңкеде 8 ауданның ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері, сондай-ақ облыс қалаларының қайта өңдеу кәсіпорындары өз өнімдерін нарықтық бағадан 10-15% - ға төмен бағамен ұсынды.

Жәрмеңкелерде барлығы 2125,9 тонна өнім, оның ішінде 279,5 тонна ет және ет өнімдері, 827,3 тонна картоп, 292,3 тонна көкөніс, 64,5 тонна сүт өнімдері, 25,3 тонна балық, 580,0 мың дана тауық жұмыртқасы және 57,0 тонна өзге де өнімдер сатылды.

Жаңаарқа, Қарқаралы, Ақтоғай және Шет аудандарының ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілері жәрмеңкеге ет пен сүт жеткізсе, картоп пен көкөністерді Абай, Бұқар жырау, Осакаров және Нұра ауыл шаруашылық тауар өндірушілері сатты.

 Жергілікті құс фабрикалары қла тұрғындарына ("Агрофирма Курма" ЖШС, "Қарағанды Құс" ЖШС және "Үштөбе ҚФ" ЖШС) жұмыртқа мен құс етін ұсынды.