Қарағанды облысында АӨК негізгі капиталына инвестициялар 1,6 есеге өсті

Қарағанды облысында АӨК негізгі капиталына инвестициялар 1,6 есеге өсті

2021 жылғы қаңтар-шілдеде Қарағанды облысының ауыл, орман және балық шаруашылығы секторындағы негізгі капиталға инвестициялар 21,2 млрд.теңгені құрады, бұл өткен жылмен салыстырғанда құндық мәнде 1,6 есе артық. Өткен жылдың ұқсас кезеңінде секторға 13,4 млрд. теңге инвестицияланды.

Барлық инвестициялардың 13,9 млрд. теңгесі немесе 67% - өндірушілердің меншікті қаражаты, 6,7 млрд.теңге немесе 33% - кредиттік және қарыз қаражаты.

Сондай-ақ, Қарағанды облысында ағымдағы жылы 11,2 млрд.теңге сомасына 14 жобаны жүзеге асыру жоспарланған, оның ішінде 3,2 млрд. теңге сомасына мал шаруашылығы бойынша 3 жоба, 3,0 млрд. теңге сомасына өсімдік шаруашылығы бойынша 5 жоба және 5,0 млрд. теңге сомасына қайта өңдеу бойынша 6 жоба.

Бүгінгі күні 3,8 млрд.теңге сомасына 161 жұмыс орнын құрумен 5 жоба іске асырылды, оның ішінде қуаты 5 мың бас асыл тұқымды репродуктор салу, жалпы алаңы 801,8 га суармалы жерлерді қалпына келтіру бойынша 2 жоба, жобалық қуаты жылына 100 мың тонна сапалы жемшөп қоспалары құрама жем зауытының құрылысы және қуаты жылына 300 тоннаға дейін ет өнімдерін қайта өңдеу өндірісін жаңғырту.

Ағымдағы жылы машина-трактор паркін жаңарту шеңберінде 14,3 млрд.теңге сомасына 915 бірлік техника сатып алынды.