Экономикалық зияндылық шегінен жоғары саяқ шегірткелер санының алдын алу мақсатында "Ауыл шаруашылығы дақылдарының зиянды организмдеріне қарсы күрес жөніндегі іс-шаралар" бюджеттік бағдарламасы шеңберінде мемлекеттік жер қорларына жататын алқаптарда ағымдағы жылғы 15-23 маусым аралығында облыстың 4 ауданында 7890 га жер өңделді. (Абай ауданы-900 га (Есенгелді ауылдық округі), Бұқар Жырау ауданы-1500 га (Ақбел ауылдық округі), Нұра ауданы-1950 га (Пржеваль, Егінді, Ахмешіт және Көбейтас ауылдық округтері), Қарқаралы ауданы-3450 га ( Ынталы, Аманжолов және Темірші ауылдық округтері).