"QAZAQ STEPPE SHEEP" ЖШС (бұдан әрі – Компания) "шалғайдағы мал шаруашылығын дамыту жөніндегі мегаферманы құру және жылына 8 000 тоннаға дейін ұсақ қара малды қайта өңдеу жөніндегі ет өңдеу комбинатын салу"жобасын іске асыруда.
Қарағанды облысы әкімдігінің қаулысымен жоба 2019 жылдың қараша айында Қарағанды облысының Кәсіпкерлікті қолдау картасында бекітілді.
2020 жылғы желтоқсанда Қарағанды облысының Ақтоғай және Шет аудандарында жер учаскелері алынды, жер учаскелерін цифрландыру бойынша жұмыстар жүргізілді.
2021 жылы "Азимут Геология" ЖШС мердігерлік ұйымымен келісімшарт аясында 500 ұңғыма бұрғылауға және Қарағанды облысының Ақтоғай және Шет аудандарының жайылымдарында су ресурстарының болуы туралы ақпарат ұсынуға жоба әзірленді. 500 ұңғыманы бұрғылау жобасы уәкілетті органмен 2021 жылғы "3" желтоқсанда келісілді.
Бүгінгі күні Ақтоғай және Шет аудандарында жинақталған мал шаруашылығы фермаларының құрылысы жүргізілуде, жайылымдық жерлерде Ұңғымаларды бұрғылау жұмыстары жүргізілуде, Қазақстанның ішкі нарығында ұсақ қара мал басы сатып алынуда.
Қойларды қолдан ұрықтандыру, оның ішінде селекциялық-асылдандыру жұмыстарын ғылыми сүйемелдеу үшін "Қазақ агротехникалық университеті" КЕАҚ ғылыми мамандары тартылды.