Әлеуметтік маңызы бар азық-түліктауарларына баға индексі бір аптада (2021 жылғы 25 мамыр - 01 маусым аралығында) Қарағанды қаласы бойынша 99,6%-ды (ҚР – 100,4%), ай басынан-101,2% – ды (ҚР-101,7 %), жыл басынан– 105,2%-ды (ҚР – 106,3%), Жезқазған қаласы бойынша -100,0% - ды (ҚР-100,4%), ай басынан-101,1% - ды (ҚР-101,3%), жыл басынан бері-105,7% (ҚР-106,3%) құрады.
«Айналым схемасы» шеңберінде өткен аптада белгіленген бағамен Қарағандының сауда нүктелеріне 11,9 тонна картоп, 2,1 тонна сәбіз, 1,7 тонна пияз және 1,7 тонна орамжапырақ жеткізілді.
2020 жылдың қараша айынан бастап барлығы 686,1 тонна картоп, 143,9 тонна сәбіз, 137,4 тонна орамжапырақ және 180,0 тонна пияз жеткізілді.
Өткен аптада құс фабрикаларымен 344,5 мың жұмыртқа босатылды, оның ішінде Қарағандыға – 194,7 мың дана, Жезқазғанға – 72,0 мың дана, Балқашқа – 77,8 мың дана.
Жыл басынан бері барлығы Меморандум аясында 5,2 млн дана жұмыртқа белгіленген баға ондығы 210-220 теңгеден босатылып, бөлшек саудада ондығы 231-242 теңгеден сатылуда.
Өндірушілер, әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы (тұрақтандыру қоры), сауда объектілері мен жеке қосалқы шаруашылық қоймаларында азық-түліктің облыстық қорларының жалпы көлемі 64,0 мың тоннаны құрайды.
Тұрақтандыру қорында 533,1 тонна өнім бар, оның ішінде 92,6 тонна қарақұмық, 95,0 тонна қант, 68 тонна күріш, 85,6 мың литр күнбағыс майы, 192 тонна картоп бар.