Жол картасында 2021-2025 жылдар аралығында жүзеге асырылатын 369 млрд. теңге сомасына, 5 045 жаңа жұмыс орындарын құрайтын 56 инвестициялық жоба қарастырылған.
Бірінші бағыт - мал шаруашылығы өнімдерін өндіру.
Осы бағытта 69,1 млрд. теңгеге 26 жоба құрайды, 2354 жұмыс орны ашылады. Оның ішінде:
- 10 сүт-тауарлы фермасын құру;
- 3 мал бордақылау алаңын салу;
- 525 мың бас ауыл шаруашылығы жануарларына арналған 8 мал шаруашылығы кешенін салу;
- 50 мың басқа арналған 2 шошқа өсіру кешенін салу;
- 2 жаңа құс фабрикасын салу және 1 құс фабрикасын жаңғырту жобалары;
Жобаларды жүзеге асыру арқылы жылына қосымша 18,7 мың тонна ет, 26,9 мың тонна сүт өндіріліп, ет өңдеу кәсіпорындарының жүктемесін 18,8% - ға, сүт өңдеу зауыттары жүктемесін 33,5% - ға арттыруға қол жеткізіледі.
Екінші бағыт – өсімдік шаруашылығы өнімдерінің өндірісі бойынша тартылатын инвестиция көлемі 124,7 млрд. теңгені құрайтын 10 жоба жүзеге асырылып, 795 жұмыс орыны ашылады, оның ішінде:
- 121,2 млрд. теңгеге 4 жаңа жылыжай салу және 1 жылыжайды жаңғырту жобасы;
- 1,2 млрд.теңгеге қуаттылығы 100 мың тонна Астық тазалау кешенін салу жобасы;
Суармалы жер алқаптарын ұлғайту бойынша іс-шаралар аясында 2 жоба іске асырылатын болады. Осы алқапта жылына 16 мың тонна картоп өндіру күтілуде.
Сонымен қоса, ауыл шаруашылығы өнімдерін сақтау инфрақұрылымын дамыту мақсатында 24 мың тонналық астық қабылдау пунктін және 20 мың тонналық картоп қоймасын салу жоспарлануда.
Үшінші бағыт – ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу саласы.
Осы бағытта 1896 жұмыс орынын құрумен 20 жоба қарастырылған, оның ішінде:
- жылына 3953 тонна жарма өндіру қуаттылығымен мультизлак зауытының құрылысы. Бұл ішкі нарықты жарма өнімдерімен ішінара қамтамасыз етуге мүмкіндік береді;
- 5 жаңа ет комбинатын салу және 1 ет өңдеу кәсіпорынын жаңғырту жобасы;
- май, сүт, ет, макарон өнімдерін, ұн және мал азығын өндіру бойынша 8 жаңа қайта өңдеу кәсіпорындарын салу және 5 қайта өңдеу кәсіпорындарын жаңғырту жобасы;
Осы бағытта тартылатын инвестиция көлемі 174,8 млрд. теңгені құрайды. Жобаларды жүзеге асыру есебінен ағымдағы жылы азық-түлік өнімі өндірісінің көлемін 7% ұлғайтып, 148 млрд. теңгеге дейін жеткізу жоспарлануда.
Жол картасы аясында жоспарланған жобалар мерзімінде жүзеге асырылатын болады. Оған қажетті мүмкіндікшіліктер жеткілікті.
Сонымен қоса, «Сарыарқа» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы арқылы қаржыландыру есебінен сүт - тауарлы фермаларын құру жобасын жүзеге асыру көзделіп отыр. Кәсіпкерлікті қолдау өңірлік картасына кірген жобалар қажетті инфрақұрылым және басқа да мемлекеттік қолдау шараларымен қамтамасыз етіледі.