Өткен аптада (1 мен 8 ақпан аралығында) Қарағанды қаласы бойынша әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына баға индексі 100,3% -ды (ҚР-100,3%), жыл басынан 101,3 % -ды (ҚР-101,4%), Жезқазған қаласы бойынша өткен аптада – 100,3% -ды (ҚР-100,3%), жыл басынан 101,2% -ды (ҚР-101,4%) құрады.
Өткен аптада «айналым схемасы» аясында Қарағанды қаласының сауда нүктелеріне белгіленген төмендетілген бағамен 21,2 тонна картоп, 5,6 тонна сәбіз, 3,0 тонна қырыққабат және 5,2 тонна пияз жеткізілді.
Жезқазған қаласына 3 ақпанда 20,0 тонна картоп жіберілді
Меморандум шеңберінде жергілікті құс фабрикаларынан сауда желісіне 1 санатты жұмыртқаны белгіленген төмендетілген бағамен, ондығын 260 теңгеден жеткізіп, сауда орындарында 270 теңгеден жеткізу жалғасуда. Апта ішінде Қарағанды қаласының сауда нүктелеріне 50,0 мың дана, Жезқазғанға 18,0 мың дана жұмыртқа жеткізілді
Сонымен қоса, Қарағанды қаласының сауда нүктелеріне астықтың резерв қоры ұнынан (75 мың теңге / тонна қосымша құн салығынсыз) пісірілген нанды жеткізіліп, бөлшек саудада 1 бөлкесі 75 теңгеден сатылуда.
Бүгінгі күнге, резервтік қордағы 1-сұрыпты ұнның қалдығы 8,1 мың тоннаны құрайды, бұл көлем жаңа астық жиналғанша жеткілікті.
Тұрақтандыру қорында 8 609,2 тонна өнімі бар, оның ішінде ӘКК қоймаларында: 34,4 тонна қарақұмық, 351,8 тонна қант және 43,0 мың литр күнбағыс майы; ұн тарту кәсіпорындарында астықтың резервтік ұн – 8000 тонна.
Баяндама аяқталды.Назарларыңызға рахмет.