Меню

Страницы

Статья

Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы А. Д.Санаубаровтың ауылдық жерлерде өмір сүру деңгейін арттыру мәселесі бойынша тезистері

Құрметті Жеңіс Махмұдұлы!

Агроөнеркәсіп кешені салаларының азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында көрсететін қызметі ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасына тікелей әсер етеді.

Слайд 1 2020 жылдың қорытындысы бойынша агорөнеркәсіп кешені салаларының қарқыны өсу динамикасы сақталып, жалпы ауыл шаруашылығының өнім көлемі 398,7 млрд. теңгені, нақты көлем индексі - 105,7%-ды құрады.

2020 жылы ауыл шаруашылығы саласында жұмыс істейтін субъектілер саны 6,8% - ға ұлғайып, 2021 жылдың 1 қаңтарына 12 459 бірлікті құрады (2019 жылы 11 668).

2021 жылдың 1 тоқсан қорытындысы бойынша ауыл шаруашылығының жалпы өнімі өндірісінің көлемі 42,1 млрд. теңгені немесе 2020 жылға 127,2% (33,1 млрд. теңге), нақты көлем индексі - 103,5% (2020 жылы – 102,1%) құрады. Ет өндіріс көлемі 3,8% - ға (25,8 мың тоннаға қарағанда 26,8 мың тонна), сүт - 4% - ға (68,2 мың тоннаға қарағанда 70,9 мың тонна), жұмыртқа өндірісі -2,1% - ға (154,5 млн.данаға қарағанда 157,8 млн. дана) артты.

Ауыл шаруашылығы жануарларының негізгі түрлері бойынша өсімге қол жеткізілді. Ірі қара мал басы 107,0% - ға өсіп, 703,6 мың басты құрады, қой-ешкі -103,5% - ға (1136,3 мың бас), жылқы - 104,2% -ға (405,0 мың бас) және шошқа басы -104,3%-ға (84,5 мың бас) артты.

Өткен жылдың қорытындысы бойынша ауыл шаруашылығына салынған тартылған инвестиция көлемі 36,6% - ға өсіп, 25,9 млрд.теңгені құрады. Өсу үрдісі ағымдағы жылы да жалғасуда. Жыл басынан бері ауыл шаруашылығының негізгі капиталына 7 млрд.теңге инвестиция тартылып, нақты көлем индексі 124,4% – ды құрады, тамақ өнімдері өндірісі сласына -136,1 млн. теңге, нақты көлем индексі(НКИ) 161,9%.

Агроөнеркәсіп кешені саласында жүзеге асырылатын инвестициялық жобалар жол картасы әзірленді. Картаға сәйкес, облыс бойынша 2021 - 2025 жылдар аралығында 5 045 жаңа жұмыс орындарын құра отырып, 369 млрд.теңгеге жуық сомаға 56 жобаны іске асыру жоспарлануда: оның ішінде 4 ірі жоба: 124,0 млрд.теңгеге, 2000 жұмыс орнын құрумен «Ет комбинатының құрылысы» ("Tyson Foods" ЖШС). 108,8 млрд. теңгеге, 500 жұмыс орнын қрумен «Аумағы 150 га жылыжай шаруашылығын құру» ("Корпорация Казахмыс холдинг "ЖШС),. 40,0 млрд.теңгеге, 1152 жұмыс орнын құрумен «500 000 басқа арналған қой шаруашылығы мегафермасын салу» ("Қазақ СТЕП ШЕП" ЖШС), 30,0 млрд.теңгеге, 50 жұмыс орнын құрумен «Түйіршіктелген мал азыған өндіру зауытын құру» ("VIRGIN SOIL KZ" ЖШС) .

2021 жылы құны 8,7 млрд.теңгені құрайтын 197 жұмыс орнын ашумен 11 жобаны пайдалануға беру жоспарланып отыр.

Слайд 2 2020 жылы ауыл шаруашылығы саласында жұмыс атқаратындар саны 21,8% - ға артып, 37 313 адамды құрады (2019 ж. - 30 640 адам).

Агроөнеркәсіп кешені саласын дамытудың мемлекеттік бағдарламасы аясында ағымдағы жылы ашылуы жоспарланған 5000 жұмыс орнының 4022 –і немесе 80,4%-ы, оның ішінде 3545 тұрақты жұмыс орны құрылды. оның ішінде инвестициялық жобаларды жүзеге асыру есебінен құрылды.

Ауыл тұрғындарының табыс үлесінің көбеюіне, өндірілген өнім көлемінің өсуі және жаңа жұмыс орындарын құру арқылы жұмыспен қамту деңгейінің артуының ықпалы зор.

Ауылдық жерлерде құраушы құрылымдар негізін, тұрақты дамып келе жатқан шаруашылықтар құрайды. Олардың дамуына мемлекеттік қолдау шараларының өз ықпалын тигізуде. Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге көрсетілетін мемлекеттік қолдау шаралары шеңберінде 2021 жылға субсидия ретінде 16,2 млрд. теңге қарастырылған. Ағымдағы жылдың 1 – ші тоқсанында 1073 субъектіге 3,0 млрд.теңге субсидия төленді.

2020 жылы ауыл шаруашылығы саласын дамытуға КазАгро қаржы институттары арқылы 22,2 млрд.теңге сомасына 1926 несие берілді. Ағымдағы жылдың 1 тоқсанында 227 шаруашылыққа 5,6 млрд.теңге көлемінде несие берілді, оның ішінде 100 ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілері көктемгі дала жұмыстарын жүргізуге 2,7 млрд. теңге несие алды.

Өткен жылы («Еңбек») «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» мемлекеттік бағдарламасы аясында 1089 қарыз алушыға 4018,9 млн.теңге сомасында несие беріліп, 1 090 жаңа жұмыс орны құрылды.

Несие негізгі басым бағыттар бойынша бағытталды:

  • Мал шаруашылығы - 3 316,0 млн.теңге, 843 қарыз алушы 869 бас Іріұара мал, 1600 бас қой-ешкі және 2 138 бас жылқы сатып алды.
  • Өсімдік шаруашылығы - 63,2 млн. теңге, 13 қарыз алушы.
  • Ауыл шаруашылығы техникасын сатып алу - 90,6 млн. теңге, 17 бірлік сатып алынды.
  • Қонақ үй кешендері-19,8 млн. теңге, 3 қарыз алушы.
  • Жүк тасымалы - 259,2 млн. теңге, 48 бірлік.

Басқа басым емес бағыттар бойынша 165 қарыз алушыға 269,9 млн. теңге берілді

2021 жылға осы бағдарлама бойынша 1,6 млрд.теңге қарастырылып отыр. (413 адам), оның ішінде (АНК)агронесие корпорациясы арқылы - 480 млн. теңге және (АШҚҚҚ) ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры арқылы - 1 120 млн. теңге.

Слайд 3 Агроөнеркәсіп кешені саласын дамыту бойынша 2022 - 2026 жылдарға арналған Ұлттық жобада халықтың әл-ауқаты мен өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған іс-шаралар қарастырылған. Жоба аясында, субсидия төлеу барысында қарсы міндеттемелерді енгізу арқылы мемлекет пен бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін арттыру көзделіп отыр.

Ұлттық жобаның нысаналы индикаторлары болып:

- еңбек өнімділігін 2,5 есеге арттыру,

-  ішкі нарықтағы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлар көлемін 80 % деңгейінде жеткізу;

- Агроөнеркәсіп кешеніндегі өңделген өнім экспортын 2 есеге ұлғайту;

1 млн. ауыл тұрғындарының табыс көлемін тұрақты түрде арттыру.

Баяндама аяқталды. Назарларыңызға рахмет.

Слайды УСХ

Дата публикации
19 апреля 2021
Дата обновления
19 апреля 2021
Тип
Баяндама

Сейчас читают

Ақпарат
27 июля 2026
Жосықсыз операторлардың тізбесі
Ақпарат
08 мая 2026
Аналитикалық анықтама «Қарағанды облысының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесінің 2025 жылдың 12 айындағы мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша
Ақпарат
02 апреля 2026
2026 жылғы ІІ тоқсанға «Қарағанды облысының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы» ММ басшысының азаматтарды қабылдау кестесі

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы