Меню

Страницы

Статья

АӨК инвестициялық жобалар жол Картасы бойынша тезистер 2021 жыл 6 сәуір

Жол картасында 2021-2025 жылдар аралығында жүзеге асырылатын 369 млрд. теңге сомасына, 5 045 жаңа жұмыс орындарын құрайтын 56 инвестициялық жоба қарастырылған. Оның, 25 инвестициялық жобасы құны 1 млрд. теңгеден артық соманы құрайды. Оның ішінде 4 ірі жоба, атап айтқанда: 124,0 млрд. теңгеге «Ет комбинатын салу» («Tyson Foods» ЖШС), 108,8 млрд. теңгеге «Аумағы 150 га құрайтын жылыжай құру» («Қазақмыс холдинг корпорациясы» ЖШС), 40,0 млрд.теңгеге «500 мың басқа арналған қой мегафермасын салу» («Қазақ СТЕП ШЕП» ЖШС) және 30,0 млрд. теңгеге «Түйіршіктелген (гранулированные) мал азығын өндіру зауытын салу» («Virgin soil KZ» ЖШС) жобалары жүзеге асырылады.

2021 жылы 8,7 млрд. теңгеге 197 жұмыс орнын құрумен 11 жобаны жүзеге асыру жоспарлануда.

Оның ішінде мал шаруашылығы бойынша 2,8 млрд. теңгеге 55 жұмыс орнын құрумен 3 жоба (ЖК «Хусаинов Л. Б.» Нұра ауданы «Құс фермасын құру» сомасы 64,5 млн. теңге,15 жұмыс орнын құрылады, Абай ауданында «Шанс» ШҚ «400 басқа арналған сүт - тауарлы фермасын құру», сомасы- 1280,0 млн. теңге, 20 жұмыс орнын құрылады, «Астра-Агро LTD» ЖШС «500 басқа арналған сүт - тауарлы фермасын құру» сомасы- 1350,0 млн.теңге, 20 жұмыс орнын құрылады);

өсімдік шаруашылығы бойынша 2,7 млрд. теңгеге 40 жұмыс орнын құрумен 4 жоба ( «Шанс» ШҚ Абай ауданы «Pektus» «Астық тазалау құрылғысын құру» сомасы - 1200,0 млн.теңге, 10 жұмыс орнын құру, «Құрама жем зауытының құру» сомасы - 800,0 млн.теңге, 10 жұмыс орнын құру, «Омаров» ЖК, Сәтпаев қ. «660 тонналық көкөніс қоймасы және жылыжай шаруашылығын салу» сомасы- 50,0 млн. теңге, 5 жұмыс орнын құру, «Шахтерское» ЖШС, Нұра ауданы «Суармалы жерлерді қалпына келтіру» сомасы664,0 млн. теңге, 15 жұмыс орнын құру);

қайта өңдеу бойынша 3,2 млрд. теңгеге 102 жұмыс орнын құрумен 4 жоба («Ахтямов Р.Н.» ШҚ, Сәтпаев қ., «Құс етін өңдеу цехын құру» сомасы - 133,2 млн.теңге, 50 жұмыс орнын құру, «ҚАРАҒАНДЫ-НАН Корпорациясы» ЖШС, Қарағанды қ., «Қысқа кесілген макарон шығаратын 3 жүйені іске қосу және кондитер цехын ашу» сомасы- 2500,0 млн.теңге, 20 жұмыс орнын құру, «Нәтиже Сүт фабрикасы» ЖШС «Өндірісті жаңғырту және жабдық сатып алу» сомасы- 174,2 млн. теңге, 1 жұмыс орнын құру, «Арай КZ» ЖШС, «Етті қайта өңдеу өндірісін жаңғырту» сомасы- 380,0 млн.теңге,31 жұмыс орнын құру).

Осы жобаларды жүзеге асыру арқылы, ауыл шаруашылығы өнім өндірісі көлемін ұлғайтып, ішкі нарықты азық-түлік тауарларымен толық қамтамасыз етуге және импорттық тауарларға тәуелділікті төмендетуге қол жеткізілетін болады.

Бірінші бағыт - мал шаруашылығы өнімдерін өндіру.

Осы бағытта 26 жоба жүзеге асырылады, оның ішінде:

- 10 сүт-тауарлы фермасын құру, сомасы 13,1 млрд. теңге, 5 мың бас ІҚМ арналған, қуаттылығы 26,5 мың тонна сүт өндіру,(«Салтанат» ШҚ 600 бас, «Шанс» ШҚ 400 бас , «Астра-Агро LTD» ЖШС 500 бас, «Медет Агро» КБК 400 бас, «Suthana» ЖШС 600 бас, «Жәке» ШҚ 1200 бас, «Санай-Неруд» ЖШС 400 бас, «Нуральди» ЖШС 600 бас, «Қайрат» ШҚ 200 бас, ЖК «Ахметова» 100 бас);

- 3 мал бордақылау алаңын салу 2,5 млрд. теңгеге, 7 мың ІҚМ арналған, қуаттылығы 1,9 мың тонна ет өндіру(«АПК Нұра» ЖШС 5 000 бас, «Арқалық» ӘКК 1000 бас, «Ынталы» ШҚ 1 000 бас);

- 525 мың бас ауыл шаруашылығы жануарларына (ІҚМ,ҰМҚ және жылқы) арналған 8 мал шаруашылығы кешенін салу 44,7 млрд. теңге,қуаттылығы 9,2 мың тонна ет және ет өнімдерін өндіру(«Казак СТЕП ШЕП» ЖШС қой шаруашылығы мегафермасы 500 мың бас, «ҰЛЫ ДАЛА Го» ЖШС 10 мың бас, «Өрнек Астана НС» ЖШС 300 бас асыл тұқымды мал, «ҚазАгро» ЖШС 500 бас асыл тұқымды мал, «Қара-шоқы» ШҚ 8 мың бас, уақ мал және жылқы, «Глобал сиыр еті өнімдері» ЖШС 500 бас асыл тұқымды мал, «Тока KZ» ЖШС, «Берекет – 2014» ЖШС 1200 бас асыл тұқымды мал) ;

- 50 мың басқа арналған 2 шошқа өсіру кешенін салу 8 млрд.теңге, қуаттылығы 5 мың тонна шошқа етін өндіру(«Апрель» ФХФПТ 25 мың басқа, «SGI Agro» ЖШС 25 мың басқа);

 - 2 жаңа құс фабрикасын салу («Хусаинов» ЖК, «Ахтямов»ШҚ) және 1 құс фабрикасын жаңғырту жобалары ("Агрофирма Курма" ЖШС)  730 млн.теңгеге, қуаттылығы 2,6 мың тонна құс етін өндіру

Жалпы, бірінші бағыт бойынша инвестиция көлемі 69,1 млрд. теңгені құрайды. 2354 жұмыс орыны ашылады.

Жобаларды жүзеге асыру арқылы жылына қосымша 18,7 мың тонна ет, 26,9 мың тонна сүт өндіріліп, ет өңдеу кәсіпорындарының жүктемесін 18,8% - ға (65% - дан 83,8% - ға дейін), сүт өңдеу зауыттары жүктемесін 33,5% - ға (54,5% - дан 88,0% - ға дейін) арттыруға қол жеткізіледі.

Екінші бағыт – өсімдік шаруашылығы өнімдерінің өндірісі бойынша тартылатын инвестиция көлемі 124,7 млрд. теңгені құрайтын 10 жоба жүзеге асырылып, 795жұмыс орыны ашылады, оның ішінде:

- 121,2 млрд. теңгеге, қуаттылығы 71,9 мың тонна көкөніс және жидек өндіретін 4 жаңа жылыжай салу және 1 жылыжайды жаңғырту жобасы («ГринТехнолоджи» ЖШС, «Қазақмыс холдинг корпорациясы» ЖШС, «СП НИКА» ЖШС, «Омаров» ЖК, «Топар жылыжайлары» ЖШС);

- 1,2 млрд.теңгеге, қуаттылығы 100 мың тонна Астық тазалау кешенін салу жобасы («Шанс» ШҚ).

Суармалы жер алқаптарын ұлғайту бойынша іс-шаралар аясында 2 жоба 640 га. 1,3 млрд. теңгеге («Шахтерское» ЖШС, «QUNDYZDA AGRO» ЖШС) іске асырылатын болады. Осы алқапта жылына 16 мың тонна картоп өндіру күтілуде.

Сонымен қоса, ауыл шаруашылығы өнімдерін сақтау инфрақұрылымын дамыту мақсатында 24 мың тонналық астық қабылдау пунктін (Сарыбел-Нан ЖШС) және 20 мың тонналық картоп қоймасын («Шерубай су» ЖШС) салу жоспарлануда.

Үшінші бағыт – ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу саласы.

Осы бағытта 1896 жұмыс орынын құрумен 20 жоба қарастырылған, оның ішінде:

- жылына 3953 тонна жарма өндіру қуаттылығымен 3,8 млрд. теңгеге, 23 жұмыс орнын ашу мультизлак зауытының («Найдоровское» ЖШС) құрылысы. Бұл ішкі нарықты жарма өнімдерімен ішінара қамтамасыз етуге мүмкіндік береді;

- 5 жаңа ет комбинатын салу және 1 ет өңдеу кәсіпорынын жаңғырту жобасы 125,6 млрд. теңгеге, қуаттылығы 156 мың тонна ет өнімдерін шығару («Tyson Foods» ЖШС - 150 000 тонна, «Қазақ СТЕП ШЕП» ЖШС - 8 000 тонна, «Жәке» ШҚ - 728 тонна, «Арай KZ» ЖШС - 300 тонна, «Бірлестік-79 тонна» ШҚ, «Ахтямов» ШҚ - 5000 тонна);

- май, сүт, ет, макарон өнімдерін, ұн және мал азығын өндіру бойынша 8 жаңа қайта өңдеу кәсіпорындарын салу және 5 қайта өңдеу кәсіпорындарын жаңғырту жобасы(«KZ SOIL VIRGIN» ЖШС, «Евразиан фудс» АҚ, «Карагандинский мелькомбинат» ЖШС, «Қарағанды-нан Корпорациясы» ЖШС, «Нәтиже фабрикасы сүт» ЖШС, «Евразия Инвест ЛТД» ЖШС (2 жоба), «KAZAGRO» ЖШС, «JER Jasyl» ӘКК, «Киров ат. ӨК» ЖШС, «Bayir agro» ЖШС, «Ақбұлақ» ӘКК, «Береке» ШҚ)

Осы бағытта тартылатын инвестиция көлемі 174,8 млрд. теңгені құрайды. Жобаларды жүзеге асыру есебінен ағымдағы жылы азық-түлік өнімі өндірісінің көлемін 7% ұлғайтып, 148 млрд. теңгеге дейін жеткізу жоспарлануда (2020 жылы 138 млрд. теңге).

Жол картасы аясында жоспарланған жобалар мерзімінде жүзеге асырылатын болады. Оған қажетті мүмкіндікшіліктер жеткілікті.

Сонымен қоса, «Сарыарқа» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы арқылы қаржыландыру есебінен сут тауарлы фермаларын құру жобасын жүзеге асыру көзделіп отыр. Кәсіпкерлікті қолдау өңірлік картасына кірген жобалар қажетті инфрақұрылым және басқа да мемлекеттік қолдау шараларымен қамтамасыз етіледі (мал және өсімдік шаруашылықтарын дамытуды субсидиялау, инвест субсидия, сыйақы ставкасын субсидиялау).

Дата публикации
12 апреля 2021
Дата обновления
12 апреля 2021
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
27 июля 2026
Жосықсыз операторлардың тізбесі
Ақпарат
08 мая 2026
Аналитикалық анықтама «Қарағанды облысының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесінің 2025 жылдың 12 айындағы мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша
Ақпарат
02 апреля 2026
2026 жылғы ІІ тоқсанға «Қарағанды облысының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы» ММ басшысының азаматтарды қабылдау кестесі

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы