Меню

Страницы

Статья

Аналитикалық анықтама «Қарағанды облысының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесінің 2025 жылдың 12 айындағы мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша

Басқарма мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің тізілімі мен стандарттарына сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің 25 түрін көрсетеді. Оның ішінде 2025 жылы мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің 18 түрі көрсетіледі.

2025 жылдың 12 айында Басқармамен барлығы 7 720 мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде:

  • қағаз түрінде (Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілген қызметтерді қоспағанда), бірақ «электрондық үкімет» веб-порталы және (немесе) Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілуі мүмкін болған — 13 мемлекеттік қызмет;
  • электрондық түрде — 7 707 мемлекеттік қызмет, оның ішінде:
    1. www.elicense.kz «Е-лицензиялау» ақпараттық жүйесі арқылы — 281 мемлекеттік қызмет;
    2. «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы — 7 426 мемлекеттік қызмет.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы / көрсетілген қызметтер саны

  1. Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығы өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруды субсидиялау — 810
  2. Агроөнеркәсіптік кешен субъектісінің инвестициялық салымдар кезінде жұмсаған шығындарының бір бөлігін өтеу — 1 709
  3. Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге су беру жөніндегі қызметтердің құнын субсидиялау — 49
  4. Ауыл шаруашылығы жануарларын, техника мен технологиялық жабдықтарды сатып алуға кредит беру, сондай-ақ лизинг бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау — 780
  5. Тыңайтқыштар (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) құнын субсидиялау — 611
  6. Тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялау — 239
  7. Зиянды және аса қауіпті зиянды организмдерге қарсы өңдеуге арналған пестицидтердің, биоагенттердің (энтомофагтардың) құнын субсидиялау — 3 056
  8. Мал шаруашылығы саласында терең өңделген өнім өндіру үшін ауыл шаруашылығы өнімін сатып алуға қайта өңдеу кәсіпорындарының шығындарын субсидиялау — 130
  9. Түпнұсқалық, элиталық тұқымдар, бірінші, екінші және үшінші репродукциялы тұқым өндірушілерді және тұқым өткізушілерді аттестаттау — 8
  10. Ұлттық компанияның ішкі нарыққа реттеуші ықпал ету үшін азық-түліктік астықты өткізу кезіндегі шығындарын өтеу — 0
  11. Астық қолхаттарын шығара отырып, қоймалық қызмет көрсету бойынша лицензия беру — 1
  12. Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің қарыздарын кепілдендіру және сақтандыру — 0
  13. Пестицидтерді өндіру (формуляциялау), өткізу және аэрозольдік және фумигациялық тәсілдермен қолдану қызметіне лицензия беру — 3
  14. Басым дақылдар өндірісін, оның ішінде көпжылдық екпелерді субсидиялау — 10
  15. Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін қаржылық сауықтыру бағыты шеңберінде кредиттік және лизингтік міндеттемелер бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау — 0
  16. Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйымдарға қосылған құн салығы сомасын субсидиялау — 0
  17. Ауыл шаруашылығы кооперативтерінің ревизиялық одақтарының ішкі аудит жүргізуге жұмсаған шығындарын субсидиялау — 0
  18. Микроқаржы ұйымдарының операциялық шығындарын субсидиялау — 0
  19. Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйымдарды аккредиттеу — 0
  20. Су үнемдеу технологияларын енгізу кезінде жұмсалған шығындардың бір бөлігін субсидиялау — 33
  21. Жер учаскесін іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін пайдалануға рұқсат беру — 2
  22. Жер учаскелерін қалыптастыру бойынша жерге орналастыру жобаларын бекіту — 80
  23. Бұзылған жерлерді рекультивациялау жобасын келісу және беру — 31
  24. Жер учаскелерінің бөлінетіндігін және бөлінбейтіндігін айқындау — 0
  25. Мемлекеттік меншіктегі жер учаскелеріне сауда-саттық (конкурс, аукцион) өткізусіз құқық беру — 168

 

2025 жылы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер мәселелері бойынша Басқармаға көрсетілетін қызметті алушылардан шағымдар түскен жоқ.

 

Дата публикации
08 мая 2026
Дата обновления
08 мая 2026
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
27 июля 2026
Жосықсыз операторлардың тізбесі
Ақпарат
08 мая 2026
Аналитикалық анықтама «Қарағанды облысының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесінің 2025 жылдың 12 айындағы мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша
Ақпарат
02 апреля 2026
2026 жылғы ІІ тоқсанға «Қарағанды облысының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы» ММ басшысының азаматтарды қабылдау кестесі

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы