Тіркеуді жүзеге асыру үшін көрсетілетін қызметті алушылар көрсетілетін қызметті берушіге мынадай құжаттарды ұсынады:
1) нысан бойынша өтініш;
2) Жеке тұлғалар үшін-жеке басын куәландыратын құжат;
3) заңды тұлғалар үшін-заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің немесе анықтаманың көшірмелері;
4) бюджетке баждар мен алымдардың төленгенін растайтын құжат;
5) өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері қолданылатын өнімдер (тауарлар)тізбесіне енгізілген машиналарды бастапқы тіркеу кезінде өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелерін орындағанын растайтын құжат;
6) машинаға меншік құқығын растайтын құжаттар:
- азаматтық заңнаманың талаптарына сәйкес жасалған шарттар, мәмілелер, куәліктер, мүлікке мұрагерлік құқығы туралы құжаттар;
- сот куәландырған сот шешімінің, қаулысының, сот орындаушысының орындалуға жататын мемлекеттік органның іс-әрекеттері туралы хабарламасының көшірмесі қоса берілген атқару парағы;
- кедендік ресімдеуден өткенін растайтын құжаттар (кедендік декларация, ЕАЭО елдерінен әкелу жағдайларын қоспағанда, кедендік кіріс ордері, уақытша әкелу жағдайларында кері әкету туралы міндеттеме);
7) Қазақстан Республикасының аумағына жаңа немесе әкелінген сәйкестік сертификаты