Меню

Страницы

Статья

Мемлекет басшысы Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаевты қабылдады

Қасым-Жомарт Тоқаевқа Қарағанды облысының әлеуметтік-экономикалық және инфрақұрылымдық даму барысы баяндалды.

Ермағанбет Бөлекпаевтың айтуынша, барлық негізгі көрсеткіш бойынша тұрақты өсім байқалады. Биылғы сегіз айда облыста 3,2 триллион теңгенің өнеркәсіп өнімдері өндірілген. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 7 пайызға артық. Әсіресе, өңдеу өнеркәсібінің өңірлік жалпы өнімдегі үлесі артып келеді. Металлургия, машина жасау, ауыл шаруашылығы, жеңіл және тамақ өнеркәсібінің өндіріс көлемі ұлғайды.

Негізгі капиталға тартылған инвестиция көлемі 644,7 миллиард теңгені құрап, 11,1 пайызға өсті. Биыл жалпы құны 195 миллиард теңге болатын 29 инвестициялық жоба жүзеге асырылып, 2 700-ден астам жаңа жұмыс орны пайда болады. 2030 жылға дейінгі жоспарда құны 4,5 триллион теңгені құрайтын 120 ірі жобаның пулы жасақталды. Бұл бастамалар 20 мың жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа азық-түлік нарығының импортқа тәуелділігін азайтуға бағытталған жұмыстар жүргізіліп жатқаны жөнінде айтылды. Ауыл шаруашылығында ірі жобалар іске асырылуда. Атап айтқанда, екі ірі тауарлы сүт фермасының құрылысы аяқталған соң, өңірдің сүтке деген сұранысы толық қамтамасыз етіледі.

Мемлекет басшысына «Qarmet» АҚ қызметі туралы ақпарат берілді. Компания сегіз айдың ішінде өндірісті жаңғыртуға 110 миллиард теңге инвестиция салған. Нәтижесінде шойын өндіру – 6 пайызға, болат – 6,9 пайызға, илемдеу 5 пайызға артқан. Металлургия комбинатында жаңа коксты батареялар, құю-илемдеу кешені, сұрыптап илемдеу цехы секілді ауқымды жобалар қолға алынған. Сондай-ақ кәсіпорын біртіндеп табиғи газға көшуде, алғашқы кезең толық аяқталды. Шахталардағы жағдай да оң нәтиже көрсете бастады: көмір өндіру көлемі 15 пайызға артқан. Еңбек қауіпсіздігін күшейтуге арналған іс-шаралар қолға алынған.

Кездесу соңында Президент өңірді әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан одан әрі дамытуға және халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған бірқатар тапсырма берді. Қасым-Жомарт Тоқаев қалалар мен елді мекендерді жылумен тұрақты қамту мәселелерін ерекше назарға алу, сондай-ақ «Qarmet» АҚ кәсіпорнындағы өндірістік қауіпсіздікті қамтамасыз ету міндеттерін жүктеді.

akorda.kz

Дата публикации
03 октября 2025
Дата обновления
03 октября 2025
Тип

Сейчас читают

Ақпарат
27 июля 2026
Жосықсыз операторлардың тізбесі
Ақпарат
08 мая 2026
Аналитикалық анықтама «Қарағанды облысының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесінің 2025 жылдың 12 айындағы мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша
Ақпарат
02 апреля 2026
2026 жылғы ІІ тоқсанға «Қарағанды облысының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы» ММ басшысының азаматтарды қабылдау кестесі

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы