Бүгін, ағымдағы жылдың 27 қыркүйегінде Қарағанды қаласының "Global city" СОО аумағында жыл сайынғы дәстүрлі "Ауыл береке – 2025" күзгі ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтүде.
Жәрмеңкеде өз өнімдерін орташа нарықтық бағадан 10-15% төмен бағамен 7 ауылдық ауданның 90-нан астам ауыл шаруашылығы өндірушілері, облыс қалаларының қайта өңдеу кәсіпорындары ұсынды.
Жәрмеңкеге ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер барлығы 150 тоннадан астам ауыл шаруашылығы өнімін жеткізді, оның ішінде: 52,2 тонна ет, 55 тонна картоп, 10 тонна көкөніс, 16 тонна сүт өнімі, 5 тонна балық және балық өнімі, 175 мың дана тауық жұмыртқасы және 10,0 тонна өзге де өнім.
Облыстың ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілері жәрмеңкеге жеткізген өнімдер қала тұрғындары мен қонақтарына жаңа өнімдерді қолжетімді бағамен сатып алуға, сондай-ақ қысқы қорларын толықтыруға мүмкіндік береді.