Басқарма мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің тізілімі мен стандарттарына сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің 19 түрін көрсетеді. Оның ішінде 2024 жылы мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің 14 түрі көрсетіледі.
2023 жылы Басқармамен барлығы 14 820 мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде:
|
№ |
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы |
Көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны |
|
1 |
Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығы өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруды субсидиялау |
5410 |
|
2 |
Агроөнеркәсіптік кешен субъектісінің инвестициялық салымдар кезінде жұмсаған шығындарының бір бөлігін өтеу бойынша субсидиялау |
2828 |
|
3 |
Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге су беру жөніндегі көрсетілетін қызметтердің құнын субсидиялау |
39 |
|
4 |
Ауыл шаруашылығы жануарларын, техника мен технологиялық жабдықтарды сатып алуға кредит беру, сондай-ақ лизинг кезінде сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау |
1155 |
|
5 |
Тыңайтқыштар (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) құнын субсидиялау |
542 |
|
6 |
Тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялау |
218 |
|
7 |
Зиянды және аса қауіпті зиянды организмдерге қарсы өңдеу жүргізуге арналған пестицидтердің, биоагенттердің (энтомофагтардың) құнын субсидиялау |
2519 |
|
8 |
Мал шаруашылығы саласында терең өңделген өнім өндіру үшін ауыл шаруашылығы өнімін сатып алуға қайта өңдеу кәсіпорындарының шығындарын субсидиялау |
2101 |
|
9 |
Түпнұсқалық, элиталық тұқымдар, бірінші, екінші және үшінші репродукциялы тұқым өндірушілерді және тұқым өткізушілерді аттестаттау |
8 |
|
10 |
Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы ұлттық компанияның ішкі нарыққа реттеуші ықпал ету үшін азық-түліктік астықты өткізу кезінде жұмсаған шығындарын өтеуді субсидиялау |
|
|
11 |
Астық қолхаттарын шығара отырып, қоймалық қызмет көрсету бойынша лицензия беру |
|
|
12 |
Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің қарыздарын кепілдендіру және сақтандыру шеңберінде субсидиялау |
|
|
13 |
Пестицидтерді өндіру (формуляциялау), өткізу және аэрозольдік және фумигациялық тәсілдермен қолдану қызметіне лицензия беру |
|
|
14 |
Басым дақылдар өндірісін, оның ішінде көпжылдық екпелерді субсидиялау |
|
|
15 |
Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін қаржылық сауықтыру бағыты шеңберінде кредиттік және лизингтік міндеттемелер бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау |
|
|
16 |
Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйымдарға бюджетке төленген қосылған құн салығы сомасын есептелген қосылған құн салығы шегінде субсидиялау |
|
|
17 |
Ауыл шаруашылығы кооперативтерінің ревизиялық одақтарының ішкі аудит жүргізуге жұмсаған шығындарын субсидиялау |
|
|
18 |
Микроқаржы ұйымдарының операциялық шығындарын субсидиялау |
|
|
19 |
Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйымдарды аккредиттеу |
2023 жылғы 6 қазандағы №58 актіге сәйкес Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаменті тарапынан Басқарманың мемлекеттік қызметтеріне тексеру жүргізіліп, келесі бұзушылықтар анықталды:
Жұмыс кестесін бұзу фактілерінің 94 жағдайы расталды. Бұл бұзушылықтар пестицидтер мен биоагенттердің (энтомофагтардың) толық құны бойынша субсидиялау (16), тұқым шаруашылығын дамыту (28), тыңайтқыштар құны (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) (50) бағыттары бойынша орын алған.
Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімін бұзу бойынша 313 факт расталды. Бұл бұзушылықтар пестицидтер мен биоагенттердің құны (20), ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге су беру қызметтері (4), тыңайтқыштар құны (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) (241), тұқым шаруашылығын дамыту (26), асыл тұқымды мал шаруашылығын дамыту (21) бағыттары бойынша орын алған.
Мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімдерінің бұзылуы «Gosagro.kz» субсидиялаудың жаңа жүйесінің тұрақты техникалық ақаулары мен іске қосу процесінің толық жолға қойылмауына байланысты болды.
2023 жылдың басынан бастап бұрын «Qoldau» жүйесі арқылы жүзеге асырылған мемлекеттік қызметтер жаңа «Gosagro.kz» жүйесіне көшірілді.
Жыл бойы өсімдік шаруашылығын дамыту және техникалық жарақтандыру бөлімінде екі маман және бөлім басшысы жұмыс істеген. Көктемгі-күзгі дала жұмыстар кезеңінде бір маманға бір бағдарлама бойынша күніне 200-ге дейін өтінім түсіп, оларды мерзімінде қарастыру мүмкін болмаған.
Өсімдік шаруашылығын субсидиялау бағытында бірқатар мәселелер бар. Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер енгізген деректер дұрыс көрсетілмейді, кодталған түрде беріледі. Бір өтінім бірнеше рет (6 және одан да көп) берілуі мүмкін. Мерзімі өткен электрондық шот-фактураларды тіркеуге шектеу қойылмаған. Жүйе субсидиялау қағидаларына сәйкес талап етілмейтін құжаттар тіркелмейінше өтінімді қабылдамайды.
Өтінімдегі деректер қате болған жағдайда (мысалы, пестицид мөлшері кг орнына грамммен көрсетілсе), жүйе өтінімді қабылдап, субсидия сомасын қате есептейді, сондықтан СХТП өтінімді қайта тапсыруға мәжбүр болады. Бұл процесс бірнеше рет қайталанып, жұмысты және бюджет қаражатын игеруді қиындатады.
Жүйедегі аталған мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігіне бірнеше рет хат жолданған.
Бұл бағыттағы жұмыс жалғасуда және ерекше бақылауда тұр.
2023 жылы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер мәселелері бойынша Басқармаға көрсетілетін қызметті алушылардан шағымдар түскен жоқ.