Меню

Страницы

Статья

Қарағандыда облыстық ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті

Қарағанды облысында барлық өңірдің ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерінің қатысуымен өткізілетін күзгі ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерінің маусымы аяқталды.

Қорытынды жәрмеңке 12 қарашада Қарағанды қаласының "Global city" көтерме-тарату орталығы аумағында өткізілді. Өз өнімдерін облыстың 7 ауылдық ауданының, сондай-ақ Қарағанды, Теміртау, Шахтинск қалаларының ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер мен қайта өңдеу кәсіпорындары ұсынды.

Жәрмеңкеде барлығы 384 тонна өнім сатылды, оның ішінде: 59 тонна ет, 220 тонна картоп, 50 тонна көкөніс, 17,0 тонна сүт өнімдері, 7 тонна балық және балық өнімдері, 150 мың дана тауық жұмыртқалары және 30,0 тонна басқа өнімдер.

Қарлы ауа-райына қарамастан жәрмеңкеге қаланың барлық шағын аудандарынан келген тұрғындар мен қаланың қонақтары келді. Олар жергілікті өндірушілер нарықтан 10-15% төмен бағамен жеткізген ет, көкөніс өнімдері мен жұмыртқаларды белсенді сатып алды және қыста қажетті қорларды жасай алды.

Дата публикации
12 ноября 2022
Дата обновления
12 ноября 2022
Тип

Сейчас читают

Ақпарат
27 июля 2026
Жосықсыз операторлардың тізбесі
Ақпарат
08 мая 2026
Аналитикалық анықтама «Қарағанды облысының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесінің 2025 жылдың 12 айындағы мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша
Ақпарат
02 апреля 2026
2026 жылғы ІІ тоқсанға «Қарағанды облысының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы» ММ басшысының азаматтарды қабылдау кестесі

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы