«Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асыруды қамтамасыз ету жөніндегі комиссияны құру туралы» Қарағанды облысы әкімінің 2019 жылғы 18 қыркүйегіндегі № 41ө өкіміне өзгерістер енгізу туралы

«Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына

бағаларды  тұрақтандыру тетіктерін іске  асыруды

қамтамасыз ету  жөніндегі комиссияны құру туралы»

Қарағанды облысы әкімінің 2019 жылғы 18 қыркүйегіндегі

№ 41ө өкіміне өзгерістер енгізу туралы

 

 

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес, кадрлық өзгерістерге байланысты:

1. Қарағанды облысы әкімінің 2019 жылғы 18 қыркүйегіндегі «Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асыруды қамтамасыз ету жөніндегі комиссияны құру туралы» № 41ө өкіміне келесі өзгеріс енгізілсін:

нұсқалған өкімнің қосымшасында:

әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асыруды қамтамасыз ету жөніндегі комиссия (әрі қарай - Комиссия) құрамына:

«Қарағанды облысының кәсіпкерлік басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысы Любарская Ирина Юрьевна, Комиссия мүшесі болып енгізілсін;

Комиссия құрамынан Д.А. Құдабаев шығарылсын.

2. Осы өкімнің орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік жасайтын орынбасарына жүктелсін.

 

 

Е. Бөлекпаев

01 Бланк_распоряжение рус (2)
Дата публикации
19 апреля 2024