Жоба
Қарағанды облысы әкімдігінің 2019 жылғы 4 қыркүйектегі
№ 52/01 «Қарағанды облысы бойынша әлеуметтік маңызы бар
азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін
іске асырудың қағидаларын бекіту туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Қарағанды облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қарағанды облысы бойынша әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асырудың қағидаларында:
2 тараудың 17 – тармағы алып тасталсын;
2 тараудың 21 – тармағы мынадай редакцияда баяндалсын:
«21. Белгіленген бағаны бекіте отырып, форвард шеңберінде сатып алынған әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын жеткізу мамандандырылған ұйым облыстың жергілікті атқарушы органымен бірлесіп бекіткен кесте және белгіленген сату/бөлшек сауда бағалары арқылы, оның ішінде көкөніс өнімдерін маусымаралық кезеңде (қыс-көктем кезеңі: ақпан, наурыз, сәуір; көктемгі-жазғы кезең: мамыр, маусым, шілде) немесе ішкі нарыққа реттеуші әсер ету қажет болған жағдайда басқа кезеңдерде жүзеге асырады.».
|
Қарағанды облысының әкімі |
|
Е. Бөлекпаев |
орынд.: С. Мусин
тел.: 87212563313