GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Баспасөз орталығы
Байланыс ақпараты
Құжаттар
Онлайн қабылдау
Әкім аппараты
Қызметі
Все материалы
Мемлекеттік қызметтер бойынша ақпарат
01 августа 2024
Құжаттағы қателіктер өзгертіліп, қайта ұсынылды

Департаментке қызмет алушыдан мемлекеттік қызмет алу барысында бұзылған құқықтарын қалпына келтіру бойынша  шағым түсті.

Шағымда қызмет алушы «Азаматтарға арналған үкімет «Мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ Қарағанды облысы бойынша филиалының Халыққа қызмет көрсету бөліміне «Тууды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілерінің жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулеренгізу» қызметіналуүшінжүгінген.

Алайда, қызмет алушы туу туралы куәлікте өрескел қателіктердің жіберілгенін байқап, мемлекеттік қызметтің сапасына қатысты Департаментке шағым білдірді.

Департаментпен аталған шағым негізінде тексеріс шаралары жүргізіліп, өрескел бұзушылықтардың орын алғаны анықталды.

Сонымен қатар, аталған құжатта тіркеу бөлімі басшысының қолы қойылмаған.

Тексеріс шараларының қорытындысы бойынша ХҚКО басшысының атына орын алған бұзушылықтарды жою бойынша шаралар қабылдау жөнінде хат жолданып, қызмет алушының бұзылған құқықтары қалпына келтірілді.

Департамент азаматтардың құқықтары мен мүдделерін қорғауды қамтамасыз ете отырып, көрсетілетін қызметтердің сапасын бақылауды және туындаған мәселелерге жеделден қою бойынша жұмыстарды тұрақты түрде жүргізіп отыр.

 

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаменті

28 марта 2024
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту саласындағы әлеуметтік инфрақұрылымды және жан басына шаққандағы қаржыландыруды қамтамасыз ету жөніндегі шараларды іске асыру мәселесі бойынша аудиторлық іс-шаралардың қорытынды нәтижелері

Қарағанды облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті мемлекеттік аудит объектілерінің бекітілген тізбесіне сәйкес Қарағанды облысының бірқатар мемлекеттік мекемелерінде аудиторлық іс-шаралар өткізді, оның ішінде: "Приозерск қаласының білім бөлімі" ММ, "Балқаш қаласының білім бөлімі" ММ және "Саран қаласының білім бөлімі" ММ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкестік мәселесі бойынша мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту саласындағы әлеуметтік инфрақұрылымды және жан басына шаққандағы қаржыландыруды қамтамасыз ету жөніндегі шараларды іске асыруға арналған қаражат бойынша.

Аудит нәтижелері бойынша жалпы сомасы 3 260,7 млн.теңгеге бұзушылықтар, оның ішінде 408,6 мың теңгеге қаржылық бұзушылықтар, рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар 3 260,3 млн.теңге анықталды.

"Приозерск қаласының білім бөлімі" ММ-де рәсімдік бұзушылықтар  сомасы 241,4 млн. теңге анықталды.

Жүргізілген мемлекеттік аудиттің нәтижелері бойынша "Білім туралы" Қазақстан Республикасының 27.07.2007 ж. №319-III Заңының 62-бабы 6-тармағын бұзылғаны анықталды, 2021-2023жылдары  Приозерск қаласының барлық мектепке дейінгі ұйымдарында мемлекеттік білім беру тапсырысы қаражаты есебінен қаржыландыру, сондай-ақ жоспарлау жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру әдістемесінің талаптарын ескерусіз, яғни бюджеттік өтінімдерде мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру есептері болмады, оның ішінде: топтары бөлінісіндегі нормативтер, тәрбиеленушілердің болжамды контингенті және бір тәрбиеленушіге жұмсалатын шығыстардың орташа құны болмады, бюджеттік бағдарламалар бойынша есеп айырысулар кәсіпорындар шығыстарының негізгі түрлері бойынша бере отырып, жалпы жоспарланған сомаға тұтастай көрсетілген.

Анықталған бұзушылықтарды жоюға арналған нұсқама негізінде "Приозерск қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бас бухгалтері Ахметова Г.К. тәртіптік жауапкершілікке тартылды

"Балқаш қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінде 408,6 мың теңге сомасына қаржылық бұзушылықтар белгіленді, олар аудит нәтижелері бойынша бюджет кірісіне өтелді, сондай-ақ 2347,3 млн.теңге сомасына рәсімдік бұзушылықтар анықталды.

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік білім беру тапсырысына ақы төлеудің негізділігі мәселелерін тексеру барысында 2022 жылы есепке алу табельдері бойынша тәрбиеленушілердің келмеуі салдарынан Қазақстан Республикасы Білім Министрінің 27.08.2022 ж. №381 бұйрығымен бекітілген еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға, орта білім беруге, балаларға қосымша білім беруге және техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрлар даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру қағидаларының 30 және 31-тармақтарының бұзылғаны анықталды, яғни "Altyn saqa 2019" ЖШС-не мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік білім беру тапсырысына 408,6 мың теңге сомасында негізсіз ақы төлеуге жол берілді.

"Білім туралы" 27.07.2007 жылғы Қазақстан Республикасы Заңының 62-бабын бұза отырып, Балқаш қаласының 14 мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымдарында және 2 жекеменшік мектепке дейінгі ұйымдарында мемлекеттік білім беру тапсырысы қаражаты есебінен 2021-2023жылдары жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру әдістемесінің талаптарын ескерусіз жүзеге асырылды, яғни бюджеттік өтінімдерде жан басына шаққандағы нормативтік құқықтық актілердің есептері болмады, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды қаржыландыру, оның ішінде: топтары бөлінісіндегі нормативтер, тәрбиеленушілердің болжамды контингенті және бір тәрбиеленушіге жұмсалатын шығыстардың орташа құны болмаған, 081 және 202 бюджеттік бағдарламалар бойынша есеп айырысулар кәсіпорындар шығыстарының негізгі түрлері бойынша бере отырып, жалпы жоспарланған сомаға тұтастай көрсетілген.

Тексеру нәтижелері бойынша "Балқаш қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бас бухгалтері Бубнова О.И. тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

"Саран қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінде рәсімдік бұзушылықтар сомасы 671,6 млн.теңгеге анықталды.

Сондай-ақ, "Білім туралы" Қазақстан Республикасының 27.07.2007 ж. №319-III Заңының 62-бабы 6-тармағын бұзылғаны анықталды, 2020-2023жылдары Саран қаласының барлық мектепке дейінгі ұйымдарын мемлекеттік білім беру тапсырысы есебінен қаржыландыру, сондай-ақ жоспарлау жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру әдістемесінің талаптарын ескерусіз жүзеге асырылды, яғни бюджеттік өтінімдерде жан басына шаққандағы нормативтік құқықтық актілердің есептері болмады.

Аудит қорытындысы бойынша "Саран қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің экономисі Зиброва Е.Г. тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Жоғарыда көрсетілген кемшіліктер 2020-2023 жылдары Приозерск, Балқаш және Саран қалаларының барлық мектепке дейінгі ұйымдарының мемлекеттік білім беру тапсырысын жүзеге асыру нәтижесінде жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру әдістемесінің талаптарын ескермей яғни мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша шығыстар, әдістеме бойынша есептелмеген.

Мемлекеттік қызметтер бойынша ақпарат
26 марта 2024
Бұзушылық үшін жазаланды

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қарағанды облысы бойынша Департаментіне Шахтинск қаласының тұрғыны Азаматтарға арналған үкімет Мемлекеттік корпорациясымен жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеуден негізсіз бас тартуына қатысты шағымданған болатын.

Тексеру қорытындысы бойынша Департаментпен шағым иесінің жылжымайтын мүлігіне құқықты мемлекеттік тіркеуден негізсіз бас тартқаны анықталды.

Сәйкесінше Департаменттің тікелей араласуымен шағым иесінің жылжымайтын мүлігіне құқықтарды тіркеліп, қызмет алушының бұзылған құқығы қалпына келтірілді.

Өз кезегінде жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеуде заңдылықты бұзуға жол берген Мемлекеттік корпорацияның бөлім басшысы мен бас маманы тәртіптік жауапкершіліктерге тартылды.

Қызмет алушылардың бұзылған құқықтар мен заңды мүдделерін қалпына келтіру мәселесі Қарағанды облысы бойынша Мемлекеттік қызмет істері департаментінің ерекше бақылауында.

Мемлекеттік қызметтер бойынша ақпарат
05 марта 2024
Қызмет алушының құқығы қалпына келтірілді

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің

Қарағанды облысы бойынша Департаменті Мемлекеттік

көрсетілетін қызметтер  басқармасының

бас маманы С. Амангельдинованың мақаласы

              

Қызмет алушының құқығы қалпына келтірілді

 

«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі және оның аумақтық департаменттері мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган болып табылады.

Былтырғы жылы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаментіне (бұдан әрі – Департамент) мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасына қатысты қызмет алушылардан 60-тан астам астам өтініш келіп түскен.

Олардың басым көпшілігі жер қатынастары, тұрғын үй және әлеуметтік салаларға қатысты түскен болатын.

Кез келген шағымды Департамент қызметкерлері толық зерделеп, қызмет алушылардың бұзылған құқықтарын қалпына келтіру үшін заңмен көзделген бақылау шараларын жүргізеді.

Мысалға, Департаментке «ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаменті» РММ-мен «Мүгедектікті және/немесе еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесін белгілеу және/немесе қажетті әлеуметтік қорғау шараларын айқындау» мемлекеттік көрсетілетін қызметі бойынша қабылдаған шешімімен келіспеу жөнінде қызмет алушының өтініші түсті.

           Атап айтқанда,  қызмет алушыға қатысты қайта куәландыру жүргізудің нәтижесінде сараптамалық шешіммен оған «жалпы ауру» себебінен екінші топ мүгедектігі, еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесі 1 жыл мерзімге белгіленген.

           Айта кету керек, Қазақстан Республикасының Президенті
Қасым-Жомарт Тоқаевпен халықтың әлеуметтік осал топтарының  құқықтары мен заңды мүдделерінің кепілдіктерін қамтамасыз ету жөнінде бірқатар тапсырмалар берген болатын.

           Бұл орайда, Департаменттің тікелей араласуымен шағымдану бойынша тексеру жүргізу барысында Медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімі мамандарының және шақырылған сарапшылардың пікірлерін ескере отырып, қызмет алушыға мүгедектіктің мерзімін «қайта куәландыру мерзімінсіз» белгілеу туралы шешім қабылданды.

Яғни, қызмет алушының құқығының қалпына келтірілуі қамтамасыз етілді.

Егер мемлекеттік қызмет көрсету кезінде заңнама талаптарының сақталмағанына куә болсаңыз, яғни мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі бұзылса, мемлекеттік қызмет көрсетуден негізсіз бас тартылса, артық құжаттар талап ету фактісі болса немесе қызмет көрсету талабы бұзылса, Сіз құқығыңызды Департаментке шағымдану арқылы  қорғай аласыз. Біздің мекен-жайымыз: Қарағанды қаласы, Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, 39. Байланыс нөмерлері:
8 (7212) 50-40-66, 8 (7212) 50-33-83 кеңсе нөмірі.

Мемлекеттік қызметтер бойынша ақпарат
05 марта 2024
Қызмет алушылардың құқығы бірінші орында

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қарағанды облысы бойынша Департаменті Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер  басқармасының басшысы
А. Абдикаримовтың мақаласы

 

 

Қызмет алушылардың құқығы бірінші орында

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің негізгі функцияларының бірі мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы бақылау және қадағалау, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер заңнама талаптарының бұзылуына жол бермеу және қызмет алушылардың бұзылған құқығын қалпына келтіру болып табылады.

Бұл бағытта Агенттікпен  және аумақтық департаменттерімен былтырғы жылы жүзден астам қызмет алушылардың бұзылған құқықтары қалпына келтірілді.

Соның ішінде, Қарағанды облысының Приозерск қаласының тұрғынының бұзылған құқығы қалпына келтірілді.

Атап айтқанда, Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаментіне қызмет алушы Приозерск қаласының тұрғыны тұрғын үйді жекешелендіру қызметі бойынша бұзылған құқықтарын көрсете отырып шағым білдірді. Шағымды қарау барысында қызмет көрсетушімен мемлекеттік қызмет көрсету қағида талаптарының бұзылғандығы, яғни қызмет алушыға мемлекеттік қызметтің нәтижесі келісім шарт уақытылы ұсынылмағандығы анықталды.

Департамент қызметкерлерінің араласуымен қызмет алушыға мемлекеттік қызмет нәтижесін алуға қол жеткізіліп, қызмет алушының бұзылған құқықтары қалпына келтірілді.

Басқа бір жағдай бойынша, қызмет алушы мүгедек баланы асыраушысы бола тұра, құжат рәсімдеуде заңмен қарастырылған жеңілдікті пайдалана алмаған.

Аталған факт бойынша Департамент қызметкерлері тексеріс жүргізіп, нәтижесінде мемлекеттік қызмет көрсету ақпараттық жүйенің жетілдірілмегендігінен қызмет алушыдан мемлекеттік баж төлеу міндеттелгендігі анықталды. Бұл бойынша Департаментпен орталық мемлекеттік мекемелерге тиісті хаттар жолданып, қызмет алушының бұзылған құқықтары қалпына келтірілді.

Яғни, қызмет алушы заңнамада көзделген жеңілдікпен құжат рәсімдеуге қол жеткізді.

Жоғарыда аталған ақпараттық жүйедегі кемшілік республика көлемінде орын алып отырғандықтан, Департаментпен уәкілетті мемлекеттік мекемелерге ақпараттық жүйені жетілдіру қажеттілігі туралы хаттар жолданды.

Егерде мемлекеттік қызмет алу кезінде осыған ұқсас құқықтарыңыз бұзылған болса Сіз де мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаментіне жүгіну арқылы өз құқықтарыңызды қорғай аласыз.

Социальные сети
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы