Абай қаласында 8 ай ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша жүргізілген жұмыстар туралы
2026 жылдың 8 айында Абай қаласында сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алуға және жол бермеуге, мемлекеттік қызметшілердің құқықтық сауаттылығын арттыруға және қоғамда сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік қағидатын қалыптастыруға бағытталған жүйелі жұмыстар жүргізілуде.
Осы жұмыс шеңберінде негізгі назар сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама талаптарының сақталуына, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау мен жоюға, сондай-ақ мемлекеттік органдар қызметінің ашықтығы мен жариялылығын арттыруға аударылады.
«Қарағанды облысы Абай қаласы әкімінің аппараты» ММ сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша келесі жұмыстарды жүргізді:
- 2026 жылғы 26 ақпанда Қарағанды облысы Абай қаласы әкімі аппаратының қызметкері С.Т. Шакина сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға және құқықтық сауаттылықты арттыруға бағытталған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
https://www.instagram.com/p/DVPza-JjEad/?img_index=1
- 2026 жылдың 16 сәуірінде Абай ауданы білім бөлімінің «№ 4 жалпы білім беретін орта мектебі» КММ-де оқушылармен «Абай қаласы әкімінің аппараты» ММ-нің бас маманы Шакина С.Т. қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және күнделікті өмірде сыбайлас жемқорлық көріністеріне жол бермеу мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді, сонымен қатар Абай ауданының «Қарағанды облысының еңбек мобильділігі орталығы» КММ-нің Абай ауданы бойынша Мансап орталығының мамандары Смайлбек Е. және Жұмакелд Ж. жұмыспен қамтудың белсенді шараларын түсіндіру мақсатында ақпараттық кездесу өткізді.
https://www.instagram.com/p/DXMNOU2DGV4/?img_index=1
- «№8 ЖББОМ» КММ-де «Адал ұрпақ» клубы өз жұмысын белсенді түрде жалғастыруда. Бұл күні оқушылар үшін «Адалдық жолы» атты сыбайлас жемқорлыққа қарсы квест өткізілді. Квест барысында балалар тақырыптық станциялардан өтіп, құқықтық нормаларды білуге арналған тапсырмаларды орындады, өмірлік жағдайларды талдады және күнделікті өмірде сыбайлас жемқорлық көріністерін тануды үйренді. Қатысушылар тапқырлық, командалық рух және белсенді азаматтық ұстаным танытты.
Іс-шара қызықты әрі танымдық форматта өтіп, мектеп оқушыларына өз білімдерін кеңейтіп қана қоймай, адалдық, әділдік пен жауапкершілік — қуатты да табысты қоғамның негізі деген маңызды қорытынды жасауға мүмкіндік берді.
https://www.instagram.com/p/DYdrmmXoDFb/
- Қарағанды облысының Абай қаласында жастармен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Кездесу барысында адалдық, ашықтық пен жауапкершілік қағидаттары, сондай-ақ сыбайлас жемқорлықтың кез келген көріністеріне төзбеушілік қатынасты қалыптастырудың маңыздылығы талқыланды. Жастар қоғамның болашағы әркімнің белсенді азаматтық ұстанымына байланысты деген идеяны қолдап, заңдылық пен әділдік қағидаттарына бейілділіктерін білдірді.
https://www.instagram.com/reel/DaDGQwfM4Os/?igsh=d2ltc2thc200NHln
- 2026 жылғы 25 тамызда «Абай қаласы әкімінің аппараты» ММ Қарағанды облысы Абай қаласының тұрғындары арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша құқықтық түсіндіру жұмыстарын жүргізеді. Бұл жұмыс халықтың құқықтық сауаттылық деңгейін арттыру, тұрақты сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлықты қалыптастыру, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу, сондай-ақ азаматтардың олардың алдын алу және жолын кесу жөніндегі шаралар туралы хабардарлығын арттыру мақсатында жүргізіледі. Жүргізіліп жатқан жұмыстың негізгі мақсаты — халықты Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасының талаптары туралы ақпараттандыру, азаматтардың құқықтары мен міндеттерін, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактілері бойынша жүгіну тәртібін түсіндіру, сондай-ақ қоғамда парасаттылық қағидаттарын және сыбайлас жемқорлықтың кез келген көріністеріне төзбеушілік көзқарасты қалыптастыру болып табылады.
https://www.instagram.com/p/Dcc1Z8FjOen/?igsi=cDZwcDE2emxuejJr
- 2026 жылғы 09 қыркүйекте Қарағанды облысы Абай қаласы әкімінің аппаратында қызметкерлер арасында жұмыс мәселелерін талқылау барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша құқықтық түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Іс-шара аясында қызметкерлерге Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамасының негізгі талаптары, сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді сақтау мәселелері, сондай-ақ қызметтік әдеп нормалары мен мемлекеттік қызмет туралы заңнаманы мүлтіксіз сақтау қажеттілігі түсіндірілді. Мемлекеттік қызметте сыбайлас жемқорлық көріністеріне, мүдделер қақтығысына, қызметтік жағдайды жеке мақсатта пайдалануға жол бермеуге, сондай-ақ парасаттылық пен сыбайлас жемқорлық көріністеріне төзбеушілік қағидаттарын қалыптастырудың маңыздылығына ерекше назар аударылды. Түсіндіру жұмыстарының қорытындысы бойынша қызметкерлерге заңнамада белгіленген сыбайлас жемқорлыққа қарсы талаптарды қатаң сақтау және тиісті жағдайлар туындаған кезде құқықтық кеңес алу үшін уақтылы жүгіну ұсынылды.
https://www.instagram.com/p/DdETkDUjPtg/?stkn=MTB1OGRlNzN2aWUybA%3D%3
Осы бағыттағы жұмыстар жалғасуда және тұрақты бақылауда.