GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Баспасөз орталығы
Қызметі
Құжаттар
Байланыс ақпарат
Әкім аппараты
Қызметі
Мәслихат туралы
Баспасөз орталығы
Құжаттар
Байланыс ақпараты
Все материалы
ТКШ
15 октября 2026
Халықтың назарына

"Жігер-Су" КМК 2026 жылғы 15 қазаннан бастап мынадай тарифтер бекітілгенін хабарлайды:

- Топар кентінің тарату желілері бойынша су беру жөніндегі қызметтерге ҚҚС-сыз м3 үшін 92,39 теңге мөлшерінде.

- Топар кентінің сарқынды суларын бұру бойынша қызметтерге орташа ҚҚС-сыз 185,11 теңге мөлшерінде, оның ішінде тұтынушылар топтары бойынша:

       - жеке тұлғалар үшін-ҚҚС-сыз м3 үшін 82,40 теңге;

       - басқа тұтынушылар үшін-ҚҚС-сыз м3 үшін 91,66 теңге;

- дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы мемлекетке тиесілі мемлекеттік мекемелер, мемлекеттік кәсіпорындар, заңды тұлғалар және олармен үлестес заңды тұлғалар, Ұлттық инвестициялық холдинг, акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы тікелей немесе жанама түрде ұлттық меншікке жататын ұлттық компаниялар мен ұйымдар Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің құрылымына кіретін ұйымдарды және заңды тұлғаларды қоспағанда, инвестициялық холдингке, ұлттық компаниядауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы мемлекетке тиесілі мемлекеттік мекемелер, мемлекеттік кәсіпорындар, заңды тұлғалар және олармен үлестес заңды тұлғалар, Ұлттық ңге.

Мәслихаттар депутаттарының сайлауы – 2026
15 октября 2026
Абай ауданының аумақтық сайлау комиссиясының отырысы өтті

           2026 жылғы 13 қазанда Абай ауданының аумақтық сайлау комиссиясының отырысы өтті.

          Отырыс барысында барлық деңгейдегі мәслихаттардың өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2026 жылғы 12 қазандағы Жарлығына және мәслихаттар депутаттарының кезектен тыс сайлауын 2026 жылғы 29 қарашаға тағайындау туралы Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының қаулысына сәйкес мәслихаттар депутаттарының кезектен тыс сайлауын ұйымдастыру мәселелері қаралды.

          Отырыс қорытындысы бойынша мәслихаттар депутаттарының кезектен тыс сайлауын ұйымдастыру жөніндегі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспарын бекіту туралы қаулы қабылданды.

14 октября 2026
Абай қаласындағы экопаркке 600 ағаштарды көшеті отырғызылды

Абай қаласында жасыл желектердің санын арттыру және қаланың экологиялық жағдайын жақсарту бағытындағы жұмыстар жалғасуда. Осы мақсатта қалалық экопарк аумағына 600 түп тораңғы көшеті отырғызылды.

Көгалдандыру жұмыстары қаланың жасыл қорын толықтыруға, қоршаған ортаның сапасын жақсартуға және тұрғындар үшін қолайлы демалыс аймақтарын қалыптастыруға бағытталған.

Отырғызылған тораңғы ағашы табиғи-климаттық жағдайларға төзімділігімен, құрғақшылыққа бейімділігімен және ұзақ өмір сүруімен ерекшеленеді. Бұл қасиеттері оны қалалық аумақтарды көгалдандыру үшін қолайлы ағаш түрлерінің бірі етеді.

Жаңа көшеттердің өсіп-жетілуімен экопарктің жасыл желегі көбейіп, аумақтың табиғи келбеті жақсара түседі. Болашақта бұл тұрғындардың серуендеуіне және бос уақытын табиғат аясында өткізуіне қолайлы жағдай жасауға ықпал етеді.

Қаланы көгалдандыру және абаттандыру жұмыстары Абайдың экологиялық ахуалын жақсартуға, қоғамдық кеңістіктердің тартымдылығын арттыруға және тұрғындар үшін жайлы қалалық орта қалыптастыруға бағытталған.

12 октября 2026
БЖЗҚ туралы өзекті сауалдар
  1. Зейнетақы активтерін кім басқарады?

Зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (ҚРҰБ), сондай-ақ 2021 жылдан бастап тиісті лицензиясы бар және уәкілетті органның талаптарына сай келетін инвестициялық портфельді басқарушылар (ИПБ) жүзеге асырады. Мұндай сенімгерлік басқарудың негізгі мақсаты – зейнетақы жинақтарын түрлі қаржы құралдарына инвестициялап, табыс алу.

Зейнетақы активтерін басқарушылар – ҚРҰБ пен ИПБ-лардың зейнетақы активтерін инвестициялау бойынша өзіндік стратегиясы бар және олар инвестициялық портфельдің құрылымын инвестициялық декларация шеңберінде дербес айқындайды.

Қолданыстағы ИПБ тізіліміне қазақстандықтар зейнетақы жинақтарын сенімгерлік басқаруға бере алатын 6 жеке компания кіреді:

«Alatau City Invest» АҚ, «BCC Invest» АҚ, «Сентрас Секьюритиз» АҚ, «Halyk Finance» АҚ, «Halyk Global Markets» АҚ, «Tansar Capital» АҚ. (Бұл ретте «Halyk Global Markets» АҚ «БЖЗҚ» АҚ-ға 2027 жылдан бастап сенімгерлік басқару шартын бұзатыны туралы хабарлаған. Осыған байланысты, 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап Қор зейнетақы жинақтарын осы компанияға аудару туралы өтініштерді қабылдамайды).

www.enpf.kz сайтындағы «Қызметтер» – «Инвестициялық портфельді басқарушылар тізілімі» бөлімінен, сондай-ақ invest.enpf.kz ақпараттық интернет-платформасы арқылы ИПБ туралы ақпаратпен танысып, олардың инвестициялық декларацияларын зерделеуге болады.

  1. Заңнамалық өзгерістерге сәйкес міндетті зейнетақы жарналары және міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтарының 100%-на дейін инвестициялық портфельді басқарушының (ИПБ) басқаруына беруге мүмкіндік қарастырылған. Бұл мүмкіндікті кім пайдалана алады және бұл механизм қалай жүзеге асырылады?

Зейнетақы жинақтарының 100%-на дейін жеке басқарушы компаниялар – ИПБ-ларға сенімгерлік басқаруға беру мүмкіндігін БЖЗҚ-ның барлық салымшылары пайдалана алады. Бұл нормалар 2026 жылғы 7 қыркүйектен бастап күшіне енді.

www.enpf.kz сайтындағы «Қызметтер» – «Инвестициялық портфельді басқарушылар тізілімі» бөлімінен, сондай-ақ invest.enpf.kz ақпараттық интернет-платформасы арқылы ИПБ туралы ақпаратпен танысып, олардың инвестициялық декларацияларын зерделеуге болады.

Жақында бір ИПБ салымшыларға тәуекел деңгейі, күтілетін кірістілік және инвестициялау мерзімі бойынша ерекшеленетін инвестициялық портфельдердің үш түріне дейін – консервативті, қалыпты және тәуекелді портфельдерді ұсына алады.

Зейнетақы активтерінің инвестициялық портфельдерін қалыптастыру тәртібін қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган айқындайды.

  1. Зейнетақы жинақтарын бірнеше басқарушы компания арасында бөлуге бола ма?

Салымшы бір немесе бірнеше ИПБ-ны таңдай алады. Халықты кеңінен хабардар ету мақсатында БЖЗҚ invest.enpf.kz бірыңғай ақпараттық интернет-платформасын іске қосты. Бұл – салымшыларға сенімгерлік басқарушылардың (ҚРҰБ пен ИПБ) басқаруындағы зейнетақы активтерінің портфельдері бойынша түрлі деректерді бір ақпараттық алаңда салыстыруға мүмкіндік беретін заманауи цифрлық ресурс. Салымшы мұнда инвестициялық портфельдерді өз бетінше бағалауға, сондай-ақ өзінің мақсаттары мен күтетін нәтижесіне сай келетін басқарушы компания мен оның инвестициялық стратегиясын таңдауға мүмкіндік беретін құралдарды пайдалана алады.

Бұдан бөлек, invest.enpf.kz платформасында салымшы ИПБ-лардың инвестициялық декларацияларымен танысып, олардың қаржылық көрсеткіштерін талдай алады. Сондай-ақ ИПБ-ларға қатысты реттеуші орган – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (ҚР ҚНРДА) тарапынан қолданылған әкімшілік шаралар, санкциялар мен ықпал ету шаралары туралы ақпаратты да (олар болған жағдайда) көре алады.

  1. Зейнетақы жинақтарын БЖЗҚ-дан басқарушы компанияға беру қалай жүзеге асырылады?

Зейнетақы жинақтарын сенімгерлік басқаруға беру үшін салымшы алдымен ИПБ-ны таңдап, содан кейін белгіленген нысан бойынша өтініш береді.

Өтінішті enpf.kz сайтындағы жеке кабинетте немесе invest.enpf.kz интернет-платформасында электрондық цифрлық қолтаңбаны (ЭЦҚ) пайдалана отырып, сондай-ақ БЖЗҚ-ның кез келген бөлімшесіне барып беруге болады.

Жеке кабинетте салымшы, сондай-ақ:

  • ИПБ-ға/ҚРҰБ-қа беруге немесе қайтаруға қолжетімді соманы тексере алады;
  • ИПБ-ны таңдау (өзгерту) туралы немесе ИПБ-ның сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы жинақтарын ҚРҰБ-тың сенімгерлік басқаруына қайтару туралы өтініш беру ережелері және талаптарымен таныса алады;
  • ИПБ-ны таңдау (өзгерту) туралы немесе ҚРҰБ-қа қайтару туралы өтініш беріп, оның мәртебесін қадағалай алады;
  • басқа да қолжетімді зейнетақы қызметтерін пайдалана алады.

Зейнетақы жинақтарын сенімгерлік басқаруға аудару туралы берілген өтініштің мәртебесін сайттағы жеке кабинеттен немесе БЖЗҚ-ның мобильді қосымшасынан бақылауға болады.

ИПБ-ға аударуға өтініш беру және оларды БЖЗҚ-да өңдеу рәсімдері толық автоматтандырылған. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлік басқаруға нормативтік-құқықтық актілерде белгіленген мерзім ішінде береді.

Бұл ретте зейнетақы жинақтарын бір ИПБ-дан екіншісіне аудару немесе оларды ҚРҰБ-тың басқаруына қайтару алғашқы аударылған күннен бастап кемінде бір жыл өткен соң жүзеге асырылуы мүмкін.

  1. Салымшылар зейнетақы активтерін басқару туралы толық ақпаратты қайдан алып, басқарушы компаниялардың қызмет нәтижелерін қалай бақылай алады?

БЖЗҚ – барлық салымшылар үшін бірыңғай есепке алу және ақпараттық орталық, сондай-ақ активтерді кім басқаратынына қарамастан (ҚРҰБ және/немесе салымшы таңдаған ИПБ) олардың жеке зейнетақы шоттарының операторы.

БЖЗҚ зейнетақы активтерін басқаруға байланысты қолжетімді қызметтер мен сервистерді ұсынады. Азаматтардың зейнетақы жинақтары, оның ішінде инвестициялық табыс ескерілген ақпарат enpf.kz сайтындағы жеке кабинетте немесе БЖЗҚ мобильді қосымшасында 24/7 режимінде берілетін үзінді көшірмелерде толық көрсетіледі.

Әр басқарушының инвестициялық қызметі туралы ақпарат enpf.kz сайтындағы «Статистика және талдау» – «Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару» бөлімінде тұрақты түрде жаңартылып отырады.

Сонымен қатар, БЖЗҚ салымшылары үшін invest.enpf.kz ақпараттық интернет-платформасы жұмыс істейді. Бұл – барлық басқарушылардың (ҚРҰБ пен ИПБ) активтерді басқару нәтижелерін өзара салыстыруға мүмкіндік беретін заманауи цифрлық ресурс. Invest.enpf.kz платформасы инвестициялық табыстылық туралы ақпаратқа қол жеткізуге, белгіленген кезең аралығындағы басқарушылар мен олардың инвестициялық портфельдері бойынша деректерді салыстыруға және инвестициялық шешімдерді саналы түрде қабылдауға мүмкіндік береді.

 

28 сентября 2026
Камбоджа Қазақстанның мемлекеттік қызметтерді цифрландыру тәжірибесін меңгеруде

Камбоджа Корольдігі Ішкі істер министрлігінің делегациясы мемлекеттік қызметтерді көрсету жүйесін цифрландыру мен модернизациялаудағы қазақстандық тәжірибені үйрену мақсатында «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына барды.

Сапар барысында шетелдік қонақтар фронт-офистердің жұмысымен, өтінімдерді қабылдау және дайын құжаттарды беру процесімен, сондай-ақ азаматтарға көрсетілетін қызмет сапасы мен жылдамдығын арттыруға бағытталған заманауи шешімдермен танысты.

Қолданыстағы жүйенің ауқымы делегацияға Қазақстандағы халыққа мемлекеттік қызмет көрсетуді ұйымдастыру барысын іс жүзінде көруге мүмкіндік берді. Бүгінгі таңда елде жұмыс істейтін 318 фронт-офистарында азаматтарға мемлекеттік қызметтің 1330 түрі қолжетімді. Оның 1272-сі электрондық үкімет порталы арқылы онлайн-форматта көрсетіледі.

Сапар аясында делегацияға Кайдзен қағидаттары бойынша жобаланған, өзіне-өзі қызмет көрсету аймақтары кеңейтілген заманауи «Халыққа қызмет көрсетудің цифрлық офистері», сондай-ақ азаматтарға дайын құжаттарды 24/7 режимінде алуға мүмкіндік беретін постаматтар таныстырылды.

Камбоджа өкілдерінің ерекше қызығушылығын цифрлық технологиялар мен биометриялық сәйкестендіруді ұштастыратын цифрлық ХҚКО-ның жаңа форматы – AI-офистер тудырды. AI-офистер үш функционалдық аймақты қамтиды: SELF – өзіне-өзі қызмет көрсету терминалдары арқылы анықтамалар алуға, DIGITAL – онлайн қызметтерді рәсімдеуге және ASSIST – күрделі мәселелерді консультанттың көмегімен шешуге бағытталған.

Камбоджа Ішкі істер министрлігінің өкілдері таныстырылған цифрлық шешімдердің тиімділігі мен практикалық маңызын жоғары бағалады. Делегация мүшелері мемлекеттік қызмет көрсету үдерістерін цифрландыруға, өзіне-өзі қызмет көрсету мүмкіндіктерін кеңейтуге және заманауи технологияларды енгізуге ерекше қызығушылық танытты. Қазақстанның бұл бағыттағы тәжірибесі Камбоджада мемлекеттік қызметті көрсету жүйесін одан әрі жаңғырту және жетілдіру барысында пайдалы болатынын атап өтті.

ТКШ
25 сентября 2026
Назар аударыңыздар!

"Жігер-Су" КМК 2026 жылғы 1 қазаннан бастап мынадай тарифтер бекітілгенін хабарлайды:

-Агрогородок а., Қарабас к., құрма а., Жұмабек А., құрма а. о., Көксүн а., жартас А. Көксүн а., Құлайғыр а., Жаманжол а., Сарепта а., Қоянды а., Изумрудное а., Ақбастау а., Дубовка к., Вольный к., с. тарату желілері бойынша су беру жөніндегі қызметтерге. Самарка, Қарағанды а. о. Жартас а., Юбилейное а., Есенгелді а., Южный к., Северное а. Көксу а. о. Абай ауданы орташа ҚҚС-сыз м3 үшін 116,74 теңге мөлшерінде, оның ішінде тұтынушылар топтары бойынша:

- жеке тұлғалар үшін-ҚҚС-сыз м3 үшін 73,03 теңге, оның ішінде:

ЖПУ - мен-ҚҚС-сыз м3 үшін 68,88 теңге;

ЖПУ жоқ-ҚҚС-сыз м3 үшін 87,22 теңге;

- басқа тұтынушылар үшін-ҚҚС-сыз м3 үшін 138,87 теңге;

- бюджеттік ұйымдар үшін-ҚҚС-сыз м3 үшін 924,85 теңге.

ТКШ
01 сентября 2026
Қазақстанда тұрғын үй қорын жаппай түгендеу басталады

Елдің барлық көппәтерлі үйлері мекенжайы, қабаты, пәтерлер мен тұрғын емес үй — жайлар саны, үйдің жай-күйі, лифтілер мен есепке алу аспаптары бар бір тізілімге жинақталатын болады. Жұмыс «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңды орындау және «Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту» ұлттық жобасы, сондай-ақ күрделі жөндеу мен техникалық тексерудің мемлекеттік бағдарламаларын жоспарлау шеңберінде жүргізіледі.

Түгендеу «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңның 2-бабы бойынша көппәтерлі тұрғын үйдің анықтамасына сәйкес келетін барлық ғимараттарды қамтиды: кондоминиум объектісінің ортақ мүлкінен және екі немесе одан да көп пәтерден немесе тұрғын емес үй-жайлардан тұратын жеке тұрған ғимарат. Есепке қабатына, меншік иелерінің санына, тіркелген кондоминиум объектісінің болуына және басқарудың таңдалған нысанына қарамастан, ауылдық елді мекендердегі екі және төрт пәтерлі үйлерді және басқару нысаны әлі анықталмаған үйлерді қоса алғанда, үйлер жатады.

Әрбір үйде тізілімде бірыңғай кілт бар — мекенжайдың тіркеу коды (МТК). Осы код бойынша үйге басқа көздерден алынған мәліметтер: ғимараттың техникалық сипаттамалары, сандық және сапалық көрсеткіштер, Үй-жайлар туралы деректер, басқару нысаны мен лифттердің жай-күйі туралы мәліметтер, желілер мен есептеу құралдарына қосылу туралы деректер «бекітіледі».

Мәліметтерді беру тәртібі Тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы ақпаратты қалыптастыру, өңдеу, орталықтандырылған жинау және сақтау қағидаларында белгіленген. Олар деректерді беруге міндетті ұйымдардың шеңберін анықтады: жергілікті атқарушы органдар, табиғи монополиялар субъектілері, мүлік иелерінің бірлестіктері, мүлік иелерінің кооперативтері, басқа басқару субъектілері.

Меншік иелерінің дербес деректері-тегі, жеке сәйкестендіру нөмірлері, құқық белгілейтін құжаттар және берешек туралы мәліметтер-түгендеу кезінде жиналмайды.

-------------------------------------------------------------------------------------------------------

Тізілім не береді: лифттерді күрделі жөндеуге және ауыстыруға арналған үйлердің нақты тізімдері, үйлердің есепке алу құралдарымен жабдықталуының нақты деңгейін түсіну, орташаланған бағалаулар емес, нақты деректер негізінде желілерді жаңғыртуға өңірлердің қажеттілігін есептеу. Коммуналдық төлемдер түбіртектерінде есептеудің дұрыстығы ПИК пен МИБ, басқарушы компаниялар арасында атқарушылық құжаттаманы жүргізу және жұмыс тәртібін арттырады

-------------------------------------------------------------------------------------------------------.

Мәліметтерді жинауды облыстардың әкімдіктері аудандар мен облыстық маңызы бар қалалардың тұрғын үй инспекциялары арқылы ұйымдастырады. Хабарламалар мен жұмыс нысандары мүлік иелерінің бірлестіктеріне, тікелей бірлескен басқарудағы үйлердің өкілдеріне, басқару субъектілеріне және коммуналдық қызметтерді жеткізушілерге жіберіледі.

31 августа 2026
«БЖЗҚ» АҚ Ашық есік күніне шақырады

Әр қазақстандықтың зейнетақы жинақтары – тиімді басқаруға болатын қаржылық ресурс. «БЖЗҚ» АҚ (БЖЗҚ, Қор) салымшылары өз жинақтарының кірістілігіне дербес ықпал ете алады. Ол үшін зейнетақы жинақтарын инвестициялық портфельді басқарушыларға (ИПБ) беру мүмкіндігі бар. ИПБ зейнетақы активтерін кіріс алу мақсатында инвестициялық декларацияда көзделген акцияларға, облигацияларға, валютаға және басқа да қаржы құралдарына инвестициялайды.

БЖЗҚ Қазақстан халқының қаржылық-құқықтық сауаттылығын арттыруға ерекше көңіл бөледі. Жыл басынан бері Қор 600 мың адамды қамтыған 30 мыңға жуық ақпараттық кездесу өткізді, сондай-ақ 220 мыңнан астам өтінішті қарады.

2026 жылғы 16 қыркүйекте «БЖЗҚ» АҚ барша ниет білдірушілерді «Салымшылардың өз зейнетақы активтерін басқаруға қатысуы және инвестициялық портфельді басқарушы компаниялар туралы ақпаратты өз бетінше алуға арналған invest.enpf.kz порталы» тақырыбында өтетін кезекті Ашық есік күніне қатысуға шақырады. Іс-шара офлайн форматта өтеді.

Өткізілетін мекенжайы: Қарағанды облысы, Абай қ, Абай к., 23A (Мәдениет сарайы)

Кездесу барысында Сіз:

  • ҚР Әлеуметтік кодексіне енгізілген өзгерістерге байланысты салымшылар үшін қандай мүмкіндіктер пайда болғанын;
  • ИПБ қандай қызметтер ұсынатынын;
  • ИПБ-ны қалай таңдауға және зейнетақы жинақтарын оған қалай беруге болатынын;
  • зейнетақы жинақтарын ИПБ басқаруына берген кездегі оларды қорғау тетіктерін;
  • бірыңғай ақпараттық интернет-платформа – enpf.kz сайтын пайдалану тәсілдері мен оның артықшылықтары туралы білесіз.

Сонымен қатар БЖЗҚ мамандары қатысушылардың сұрақтарына жауап беріп, зейнетақы жүйесіне қатысты мәселелер бойынша жеке кеңестерін ұсынады.

Барша ниет білдірушілерді Ашық есік күніне қатысып, зейнетақы жинақтарын басқару мүмкіндіктері туралы өзекті әрі сенімді ақпарат алуға шақырамыз.

«БЖЗҚ» АҚ өз салымшыларын, алушыларды және барша ниет білдірушілерді «Ашық есік күнінде» күтеді!

 БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, сондай-ақ "Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым аударған кепілдік берілген депозит бойынша кепілдік берілген өтемнің талап етілмеген сомасы есебінен қалыптастырылған ерікті зейнетақы жарналарын есепке алып, оның есебін жүргізеді, зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Сондай-ақ Қор нысаналы активтер мен нысаналы талаптарды есепке алуды, нысаналы жинақтау шоттарына нысаналы жинақтарды (НЖ) есепке алу мен есептеуді, НЖ төлемдерін оларды алушының банк шоттарына есептеуді, "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен НЖ қайтарымдарын есепке алуды жүзеге асырады (толығырақ www.enpf.kz сайтында).

25 августа 2026
Қазақстандықтар ХҚКО-ларда 1,5 миллионнан астам төлқұжат пен жеке куәлік рәсімдеді

Жеке куәлік пен төлқұжат алу – қазақстандықтар арасында сұранысқа ие мемлекеттік қызметтердің бірі. Жыл сайын миллиондаған азамат осы құжаттарды рәсімдеу үшін ХҚКО-ларға жүгінеді. Қызметті тез әрі еш қиындықсыз алу үшін рәсімдеу тәртібін алдын ала білген жөн.

2026 жылдың бірінші жартыжылдығында қазақстандықтарға 1,5 миллионнан астам жеке куәлік пен төлқұжат берілді. Ең жоғары сұраныс дәстүрлі түрде демалыс пен саяхат маусымына тұспа-тұс келіп, маусым айында 269 мыңнан астам құжат рәсімделді. Төлқұжат пен жеке куәлікті ХҚКО-да тез әрі ыңғайлы рәсімдеу үшін нені білу қажет?

Төлқұжат рәсімдеу

Төлқұжатты тіркелген жеріңізге қарамастан, Қазақстанның кез келген ХҚКО-сында рәсімдеуге болады, өйткені қызмет экстерриториялық қағидат бойынша көрсетіледі.

Төлқұжатты алғаш рет алу үшін жеке куәлікті ұсыну жеткілікті. Егер төлқұжаттың жарамдылық мерзімі аяқталуға жақын болса, оны алдын ала ауыстырған жөн. Бұл ретте төлқұжатты уақытында ауыстырмағаны немесе оның жарамдылық мерзімі өтіп кеткені үшін айыппұл қарастырылмаған. Қызметті оператор арқылы немесе құжаттандыру терминалы арқылы алуға болады.

Төлқұжат рәсімдеу кезінде кәмелетке толған азаматтар 36 немесе 48 беттен тұратын төлқұжатты таңдай алады. 36 беттік төлқұжат үшін мемлекеттік баж – 34 600 теңге, ал 48 беттік төлқұжат үшін – 51 900 теңге. 16 жасқа дейінгі балаларға арналған 24 беттік төлқұжаттың құны – 17 300 теңге.

Төлқұжатты дайындаудың стандартты мерзімі – 15 жұмыс күні. Қажет болған жағдайда жеделдетілген рәсімдеу қызметін пайдалануға болады. Астана, Алматы, Шымкент және Ақтөбе қалаларында төлқұжатты 1, 3 немесе 7 жұмыс күні ішінде жедел рәсімдеу мүмкіндігі бар. Облыс орталықтарында жедел рәсімдеу мерзімі 3 жұмыс күні, ал аудандар мен облыстық маңызы бар қалаларда 7 жұмыс күнін құрайды. Өтініш берілген күн мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді.

Жеделдетілген рәсімдеу қызметі қолданыстағы тарифтерге сәйкес қосымша ақыға көрсетіледі.

Балаға төлқұжат рәсімдеу үшін оның туу туралы куәлігі, ата-анасының бірінің жеке куәлігі және мемлекеттік баждың төленгенін растайтын құжат қажет. Өтініш берген кезде ата-анасының бірінің қатысуы міндетті

Жеке куәлік рәсімдеу

Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі 16 жасқа толған кезде рәсімделеді.

Жеке куәлікті алғаш рет алған кезде және оның қолданылу мерзімі аяқталғаннан кейін ауыстырған жағдайда мемлекеттік баж алынбайды. Ал құжат жоғалған жағдайда мемлекеттік баж мөлшері 865 теңгені құрайды.

Қажет болған жағдайда жеке куәлікті де жеделдетілген тәртіппен рәсімдеуге болады. Ол үшін қолданыстағы жеделдік санаттарының бірін таңдауға болады.

25 августа 2026
Мемлекеттік қызметтер үйде көрсетіледі: қазақстандықтар дербес менеджер сервисін таңдауда

               Мемлекеттік қызметтер азаматтарға бұрынғыдан да қолжетімді бола түсуде. Қазіргі таңда бірқатар мемлекеттік қызметті халыққа қызмет көрсету орталығына (ХҚКО) бармай-ақ алуға болады. Осы мақсатта «Дербес менеджердің үйге баруы» сервисі жұмыс істейді. Оның аясында маман өтініш беруші көрсеткен мекенжайға барып, қажетті қызметтерді үйде көрсетеді. 2026 жылдың жеті айында бұл мүмкіндікті шамамен 1,5 мың қазақстандық пайдаланған.

               Салыстырмалы түрде қарасақ, 2025 жылы дербес менеджер қызметіне 2 мыңнан астам адам жүгінген. Өткен жылы аталған сервис Қызылорда облысында ең көп сұранысқа ие болып,  оны 540 адам пайдаланған. Алматыда - 477, ал Павлодар облысында 435 адам осы сервистің көмегіне жүгінген.

                  Ал биылғы жылдың жеті айындағы көрсеткіш бойынша көшбасшылар үштігі өзгерді. Дербес менеджердің үйге баруы бойынша ең жоғары көрсеткіш Алматы қаласында тіркелді, онда бұл сервисті 296 рет пайдаланған. Екінші орында Атырау облысы - 277 рет, ал Қызылорда облысы - 259 рет аталған сервиске жүгінген.

                    Сервисті пайдалану үшін қашықтан өтініш беріп, маман баратын мекенжайды көрсету жеткілікті. Алдын ала берілген өтініш бойынша фронт-офис маманы азаматтың үйіне барып, кеңес береді, қажетті құжаттарды қабылдайды және мемлекеттік қызметті сол жерде рәсімдеуге көмектеседі. Мұндай формат уақытты үнемдеуге мүмкіндік береді және қандай да бір себептермен ХҚКО-ға өз бетінше бара алмайтын азаматтар үшін өте ыңғайлы.

                     «Үйге баратын дербес менеджер» тарифінің құны - 7 447 теңге. Бұл сома мемлекеттік бажға жатпайды, яғни тек сервистің қызмет көрсету құны болып табылады.

                     Үйге баратын дербес менеджердің көмегімен мемлекеттік қызметтердің кең ауқымын алуға болады. Алайда паспорт пен жеке куәлікті рәсімдеу, сондай-ақ мамандандырылған ХҚКО-ларда көрсетілетін қызметтер бұл тізімге кірмейді. Себебі аталған қызметтерді алу үшін азаматтың жеке қатысуы керек және тиісті рәсімдерден өтуі қажет.

 

                     Маманның үйге келуіне өтінішті «ЦОН» мобильді қосымшасы арқылы, сондай-ақ «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының ресми сайтындағы «Азаматтарға көрсетілетін қызметтер»  «Дербес менеджердің үйге баруы» бөлімі арқылы беруге болады. Бұдан бөлек, өтінішті 1414 бірыңғай байланыс орталығына қоңырау шалу арқылы да рәсімдеуге мүмкіндік бар. Өтініш беру кезінде қажетті ақпаратты толтырып, маман баратын мекенжайды көрсету жеткілікті.

Социальные сети
Абай ауданының әкімдігі
Абай ауданының әкімдігі
Абай Диалог
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы