
Құрметті аудан тұрғындары!
ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті "Чекті талап ет - жүлдені ұтып ал!" атты жыл сайынғы акциясын іске қосты."оның мақсаты азаматтық белсенділікті арттыру және кәсіпкерлер арасындағы адал бәсекелестікті ынталандыру болып табылады.
Акция "Wipon" мобильді қосымшасы арқылы электрондық форматта жүзеге асырылады (Google Play Маркет, Apple App Store-да жүктеу үшін тегін қосымша). Әрбір тұтынушы осы қосымша арқылы сатып алынған тауар (жұмыс және қызмет) үшін чек жібере алады және күн сайын ұялы телефон теңгеріміне ақша қаражатын ұтып алу мүмкіндігін алады. Сондай-ақ БКМ фискалдық чектері берілмеген жағдайда тұтынушы шағымды осы қосымша арқылы жібере алады және фактіні растағаннан кейін оның телефонының теңгерімі толтырылады.
Абай ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы