Абай ауданына ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Бижанова Гүлнар Қадыржанқызы келді

Абай ауданына ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Бижанова Гүлнар Қадыржанқызы келді

Жұмыс сапары аясында депутат Көксу ауылындағы кәсіпкерлермен және Құлаайғыр ауылдық округінің тұрғындарымен кездесті. Кездесу барысында ауыл мәселесі, "Бастау-Бизнес" бағдарламасының тиімділігі және "Ауыл – Ел бесігі" жобасының міндеттері талқыланды. Ауыл тұрғындары өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, олардың шешілуі бақылауға алынды.