Кәсіпорында әлеуметтік қолдаудың болуы, қызметтік тұрғын үймен қамтамасыз ету және кадрлар даярлау мәселелерін талқыладық.
Өз кезегімде мен жол жөндеу, аулаларды абаттандыру, Топар кентінің орталық саябағын қайта құру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар мен жоспарлар туралы қызметкерлермен бөлістім.
Кәсіпорын 1964 жылдан бастап жұмыс істейді, Абай қаласы мен Топар кентін жылу энергиясымен және Топар кентін электр энергиясымен қамтамасыз етеді. Бұдан басқа, өндірілген электр энергиясы Қарағанды, Жезқазған және Балқаш өңірлеріндегі "Қазақмыс" корпорациясы кәсіпорындарының жүктемесін жабады.
Қазір станцияда үлкен жұмыстар жүргізілуде. Кәсіпорында жаңғырту бағдарламасы іске асырылуда, ең заманауи қазандық және турбиналық жабдықтар орнатылды, толық автоматтандырылған басқару жүргізілуде.