Аудан әкімі учаскелік полиция инспекторларының қатысуымен кеңейтілген кеңес өткізді

Аудан әкімі учаскелік полиция инспекторларының қатысуымен кеңейтілген кеңес өткізді
Учаскелік полиция инспекторларының қатысуымен кеңейтілген жиын өткіздім.
Жиынға барлық елді мекендердің әкімдерімен құзырлы органдар шақырылды.
Маған үнемі аудан тұрғындары атынан учаскелік полиция инспекторларының жұмысына байланысты өтініштер түсіп тұрады.
Жергілікті полиция бастығының атқарылып жатқан жұмыстары жайлы есебі тыңдалды. Жиында сонымен қатар жол белгілерін орнату, ұрлық, тонау, қала мен кент іштерінде малдардың қараусыз жүруі, үйлердің сыртында орналасқан жарнамалардың заңға сәйкес болуы, санитариялық тазалық мәселелері қаралды.
Қылмыстың алдын алу, учаскелік инспекторларды қызметтік тұрғын үймен қамтамасыз ету, штаттық санын толықтыру, полиция органдарының халық алдында ашық болуын қамтамасыз ету бойынша тапсырмалар берілді.
Барлық арыз-шағымдарға талдау жасалды.
Әрбір көрсетілген фактілер жергілікті полиция назарына ұсынылып, бақылауға алынды.