Аудан басшысы Абай қаласының барлық ПИК төрағаларын кездесуге шақырды

Аудан басшысы Абай қаласының барлық ПИК төрағаларын кездесуге шақырды
Бүгін Абай қаласының барлық ПИК төрағаларын кездесуге шақырдым.
ТКШ бөлімі басшысының баяндамасы тыңдалып, Қоғамдық кеңес, құқық қорғау органдары, коммуналдық қызметтер өкілдерін, мүдделі органдар басшыларын, әкімдерді қоса алғанда, шақырылған тұлғалармен проблемалық мәселелер талқыланды.
Ашық диалог өтті. Сондай-ақ, менің атыма және атқарушы органдардың мекенжайына келіп түскен әрбір тұрғынның өтініші де талқылауға шығарылды.
Тұрғындардың ескертулеріне байланысты кіреберістер мен аула аумақтарының санитарлық жағдайын ұстау бойынша жұмысты күшейтуді тапсырдым.
Бұдан басқа, қала әкіміне, ТКШ бөлімі мен жергілікті полиция қызметіне проблемалық мәселелерді шешу үшін практикалық көмек көрсету және өзара іс-қимыл жасау туралы тапсырма бердім.